
1. Салық төлеушілер бюджетке КТС бойынша аванстық төлемдерді қандай мерзімде енгізуге міндетті?
Әр айдың 25-күнінен кешіктірмей (салық кодексінің 306-бабы).
2. ҚҚС бойынша салық кезеңі қандай?
ҚҚС бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады (Салық кодексінің 423-бабы).
3. ҚР аумағында цифрлық активтерді сату бойынша айналымға ҚҚС салынады ма?
ҚР аумағында цифрлық активтерді өткізу жөніндегі айналым қосылған құн салығынан босатылады (Салық кодексінің 397-бабының 4-тармағы).
4. Қандай жағдайларда ЕАЭО елдерінен импортталған тауарға ҚҚС салынбайды?
Қосылған құн салығы салынбайды:
* салық төлеушінің табиғи кему нормаларының шегінде шеккен тауарларының жоғалуы;
* табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған тауарлардың бүлінуі. (Салық кодексінің 459-бабының 5-тармағы).
5. Бөлшек салық СТН қолдануға рұқсат беретін қызмет түрлерін қайдан көруге болады?
Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлері ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 Қаулысымен және ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1240 қаулысымен бекітілген.