
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы халыққа
Телеграм қосымшасында @SalyqBot сілтемесі бойынша калькулятор сервисі әзірленгенін еске салуға асығуда. Калькулятор қызметін таңдап, сіз көлікті есептеу калькуляторын, өсімпұлды есептеуді таңдай аласыз. Осы бөлімге кіру үшін https://t.me /SalyqBot?start=help_decl сілтемесі бойынша QR кодын пайдалануға болады.
Сондай-ақ SalyqBot көмегімен Сізде:
- өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;
- түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;
- тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push- хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;
- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;
- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар. @Salyqbotқа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз!
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы