Жарияланған күні: 24.06.2024 18:00
Өзгертілген күні: 09.08.2024 09:24

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл лауазымға Сатжан Ұзақбайұлы Ұзақбаев тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша МКД баспасөз қызметі хабарлады. Сатжан Ұзақбаев 1979 жылы туған. 2000 жылы Қостанай мемлекеттік А. Байтұрсынова атындағы университетін бітірген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 24 жылды құрайды. Қатардағы маманнан Департамент басшысының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. 2019 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Баспасөз қызметі