«СЭҚ қатысушыларының және салық төлеушілердің назарына»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ МКК) Бүкіләлемдік Банктің «DoingBusiness» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевпен 2014 жылдың 9 желтоқсанында № 17-5/И-856 Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, төленгенін растайтын, құжатты беруді талап етуді алып тастау мақсатында, екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) деректерін «электрондық үкімет» төлем шлюзімен (бұдан әрі - ЭҮТШ) және кеден органдарының ақпараттық жүйесімен бірлестіруге тапсырма берілгенін хабарлайды.
Қазіргі таңда, кедендік баждарың және салықтардың (бұдан әрі – КБС) төленген сомасы туралы бюджеттің жіктеме коды бойынша түсім туралы ақпарат бюджетке ЕДБ және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен тек қана олармен операциялық күнді жапқаннан кейін ғана мынадай схема бойынша: филиал – бас банк - БАЕШҚО – Қазынашылық комитеті - ҚР ҚМ МКК беріледі.
ҚР ҚМ МКК аталған ақпарат төлемді жүзеге асырғаннан кейін 2-3 жұмыс күні ішінде түседі. Бұл өз кезегінде, салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне және сапасына (салық берешегінің жоқ (немесе) бары туралы Мәлімет беру, дербес шоттың көшірмесін, салыстыра тексеру актісін беруде) теріс әсер етеді, негізсіз өсім пұл есептеуге, инкассалық шектеу қоюға әкеледі.
Бюджетке КБС төленгенін шұғыл растау мақсатында, тауарларды шығару кезінде, төленгенін растайтын құжаттарды беруді талап етуді алып тастау үшін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті уақытында көрсету мақсатында, сондай-ақ уақытында және салық төлеушілердің және сыртқы экономикалық қызметтерге қатысушылардың (бұдан әрі – СЭҚҚ) дербес шот есеп бетіне төлемдерді отырғызуда ЕДБ АЖ-нен ЭҮТШ АЖ арқылы ҚР ҚМ МКК АЖ-не КБС бюджетке нақты төленген уақытында (бірнеше минут ішінде) беру бойынша өзара бірлесу жүзеге асырылуда.
Бұл ретте ЕДБ АЖ-мен ЭҮТШ АЖ арқылы ҚР ҚМ МКК АЖ-не берілген КБС сомасы салық төлеушілердің және СЭҚҚ дербес шот есеп бетіне төлемдерді нақты уақыт ішінде отырғызылады, ал бюджетке аудару қолданыстағы тәртіппен жүргізілетін болады. Қазынашылық комитетінен мәліметтер алынғаннан кейін, бюджетке төленген КБС сомасының дербес шот есеп бетінде толық және дұрыс отырғызылғаны бөлігінде салыстыра тексеру жүргізіледі.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, ЕДБ немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ЭҮТШ арқылы кедендік баждарың және салықтардың төленген сомасы туралы берген мәліметпен және ақпаратпен тауарларды шығару үшін, кедендік баждарың және салықтардың төленгенін растау бөлігінде Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 138-бабы 9-тармағына өзгерту енгізілуде.
Техникалық жүзеге асыруға қатысты, хабарлаймыз, яғни қазіргі таңда ҚР ҚМ МКК АЖ (ОБДШ АЖ, ҚААЖ-2 ҚБК) ЕДБ АЖ-мен ЭҮТШ АЖ арқылы өзара бірлестіруді тестілеу жүргізілу үстінде. Жұмысты нақты аяқтау бірінші тоқсанға жоспарлануда, ал өнеркәсіптік пайдалануды іске қосу ағымдағы жылдың екінші тоқсанына жоспарлануда.