Жарияланған күні: 23.05.2025 12:02
Өзгертілген күні: 23.05.2025 12:04

СӘИЖ АЖ-да салық есептілігінің жаңа нысандарына қол жеткізу

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.

2025 жылғы 21 мамырдан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:

1. “Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты” мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;

2. “Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты” мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;

3. Тауарлармен электрондық саудасын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар беретін ақпараттар жалпы мәлімет;

4. Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар беретін мәліметтер;

5. Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініші;

6. Декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебі (101.01 СЕН);

7. Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.02 СЕН);

8. Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есебі (101.03 СЕН);

9. Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (510.00 СЕН);

10. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларация (560.00 СЕН);

11. Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00 СЕН);

12. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация (590.00 СЕН);

13. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салығы бойынша декларация ( 600.00 СЕН).