Жарияланған күні: 07.10.2024 11:54
Өзгертілген күні: 07.10.2024 11:55

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы "ЧелГУ" ФГБОУ Қостанай филиалының бітіруші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға Қостанай қаласы бойынша ІІБ бас маманы Жанна Тұрғанова, оқытушылар ,студенттер қатысты.
Басқарма қызметкері ҚР ҚМ МКК өткізетін "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!", мемлекеттік қызметшілердің этикасы, Мемлекеттік кірістер органдарының функциялары мен міндеттері, мобильді қосымшалар арқылы жеке кәсіпкерлерді тіркеу мүмкіндіктері, "E-Salyk Azamat", "E-Salyq Business" мобильді қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу және басқа да өзекті тақырыптар мәселелерін қозғады.
Балалар белсенді қатысып, өз сұрақтарына толық жауап алды.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.