Жарияланған күні: 12.09.2025 17:55
Өзгертілген күні: 12.09.2025 17:56
2025 жылғы 12 қыркүйекте Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторына барды.
Іс-шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілді және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталды.