Жарияланған күні: 21.02.2020 16:45
Өзгертілген күні: 21.02.2020 18:27

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай ақ ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» ҚР  Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап мына тауар түрлері бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеті туындайды:

                               1.      Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі
                               2.      Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері
                               3.      Темекі өнімдері
       4.       Алу тізбесінен тауарлар
       5.       ЕАЭО аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар
                   6.       ҚР аумағынан ЕАЭО аумағына шығарылатын тауарлар.                           
                   7.       Таңбалауға жататын тауарлар
 

Келесі негізгі сәттерге сіздің назарыңызды аударамыз:

ТІЖ ЭШФ АЖ-де «Виртуалды қойма» модулі арқылы мына мерзімде ресімделеді:

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту кезінде – тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталған күннен кешіктірмей;

2) ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде:

- үшінші елдердің аумағынан еркін айналымға тауарлар шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей;

- ЕАЭО аумағынан ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей;

3) экспорт кезінде тауарларды ҚР аумағынан үшінші елдер мен ЕАЭО аумағына өткізу, сату және (немесе) тиеп жөнелту басталған күннен кешіктірмей.

НАЗАР аударыңыз!!!

Тиісінше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында тасымалданатын тауарға (жүкке) экспорттық бақылау рәсімінен өту кезінде міндетті түрде ТІЖ  ресімделуге тиіс.

Сондай-ақ сізден өткізу пункті арқылы автокөлік құралын өткізбеуді болдырмау үшін бұл туралы өз тапсырыс берушілеріңізге алдын ала хабардар етуіңізді сұраймыз.

ТІЖ-ні ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, атауы сәйкес келмеген, ТІЖ-да тауарлардың саны (көлемі) анық көрсетілмеген, сол сияқты ТІЖ-да мұнай өнімдеріне, темекі өнімдеріне, этил спирті мен алкоголь өніміне, биоотынға ПИН-кодты дұрыс көрсетілмеген жағдайда-салық төлеуші ҚР ӘҚБтК 283-1-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.

 

 

Экспорттық бақылау басқармасы