Жарияланған күні: 16.06.2023 18:19
Өзгертілген күні: 16.06.2023 18:20

2023 жылдың 1 шілдеден бастап «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Ең төмен бөлшек сауда бағалары қолданылады

20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

◽2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға – 710 тенге;

◽2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 770 тенге.