Жарияланған күні: 04.10.2024 09:56
Өзгертілген күні: 04.10.2024 09:56

Қостанай  облысы  бойынша Мемлекеттік қызмет Агенттігі департаменті  өткізетін «Тәлімгерлер  кеңесінің»  кезекті  отырысына  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық басқармаларының  қызметкерлері  шақырылды.
Отырыс  барысында   жақында  меритократия  қағидаты  бойынша  басшы  лауазымдарға  тағайындалған  Қостанай қаласы  және  Қостанай ауданы бойынша  Мемлекеттік   кірістер  басқармасы  басшыларының  орынбасарлары    Алмаз Кадырович Нурпеисов және  Алихан Темерханович Ерумбаев  қатысып, жалпы мемлекеттік қызметті дамыту туралы өз көзқарастарымен, жоспарларымен және идеяларымен бөлісті, сондай-ақ Қостанай  облысының мемлекеттік  қызмет ардагерлерінен  нұсқаулар алды.