Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тиімділігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының табысты қызметінің негізгі фактордың бірі - қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, кедендік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады. Соның ішінде, тәуекелдерді басқару жүйесін жасау бірінші кезекте кеден іс саласында бақылаудың, жүйелі ақпаратты талдаудың және стратегиялық жоспарлаудың іріктеу принципін негізге алады.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің басты мақсаты кедендік бақылау тиімділігі сақталған кезде тауар айналымын тездету, кедендік тазарту мерзімін қысқарту бойынша қолайлы жағдайлар болып табылады.
Қазақстан Республикасында кеден тәуекелдерін басқару жүйесі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексінің 23- тарауымен (бұдан әрі – Кодекс) регламенттеледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі - ТБЖ) қолдану тәртібін айқындайтын, Кодекстің 216-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 244 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасы бекітілді.
Мемлекеттік кірістер органдары ТБЖ-ны тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен адамдарды, сондай-ақ осындай тауарлар мен халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына, құжаттарға және адамдарға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылауды жүргізу дәрежесін айқындау үшін қолданады.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі – Департамент) 2016 жылғы 11 ай ішінде 2 автоматтандырылмаған тәуекел бейіні және 82 автоматтандырылған тәуекел бейіні іске қосылды, бұл ретте тәуекелдерді басқару жүйесі 136 тексеріп қарау тағайындады немесе ТБЖ бағалауынан өткен, Департаментте ресімделген, барлық тауарға арналған декларацияларынан 1 %.
ТБЖ тағайындалған тексеріп қараулардың нәтижелері бойынша ӘҚК-тың 532, 533, 534, 551-баптары бойынша 18 әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері анықталды. 296 940 теңге сомасына айыппұл өндіріліп алынды.
Соңдай-ақ, кедендік құнды бақылау бойынша ТБЖ қосымша тексерулер тағайындалды. Қосымша тексерулердің нәтижелері бойынша Комиссияның 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 шешіміне сәйкес 332, 2 млн. теңге есептелді.
Осылайша, ТБЖ кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу үшін сыртқы қызметке қатысушыларды және тауараладың атауларын автоматтандырылған іріктеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу бойынша лауазымды адамның өз бетінше шешімді қабылдау мүмкіндігі болмайды.
Мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді талдау және басқару жүйесін жасау кедендік әкімшілдендірудің жаңа сапалы деңгейін және кедендік ресімдеу рәсімдерін айтарлықтай жеңілдеткен кезде, тиімді кедендік бақылау жүйесінің құрылуын қамтамасыз етеді, бұл сыбайлас жемкорлықты азайтады.