
Қазақстан Республикасындағы уақытша сақтау қоймаларының қызметін кедендік реттеу мыналарға сәйкес жүзеге асырылады:
1) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, 17 және 59 – тараулармен (бұдан әрі-Кодекс) http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1700000123.;
2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен (25-Қосымша) (НҚА-ға сілтеме http://zan.gov.kz/client/#!/doc/199620/rus);
3) "кедендік бақылаудың уақытша аймақтарының, уақытша сақтау орындарының және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен (НҚА-ға сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800016549);
4) "кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығымен (НҚА-ға сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800016365) (Үй-жайлар мен аумақтарды қарап-тексеруді жүргізуге нұсқама нысаны);
6) Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен (НҚА-ға сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/H10T0000260) (Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру актісінің нысаны);
7) «Мемлекеттік кірістер органына есеп жүргізудің және есеп берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығымен (2-қосымша) (НҚА-ға сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020380).
Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары:
1) уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға жауап беретін құрылыстардың, үй-жайлардың (үй-жайлардың бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алуында болуы.
Ашық типтегі қоймалар үшін – тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы;
техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;
электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауғатиіс;
заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген кезде:
табиғи жолмен ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс;
аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс;
жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс;
2) ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін – басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;
3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 544, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;