Жарияланған күні: 30.06.2016 16:03
Өзгертілген күні: 30.06.2016 16:05

2016 жылғы 24 маусымда Қостанай әуежайында «Қостанай-Батуми» халықаралық әуе рейсін ресімдеу кезінде кедендік бақылаудан өту сәтінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматы А.-ның жеке жүгінде жалпы салмағы 220 кг саны 20 дана декларацияланбаған кальян тауарын тапты.

Азамат А.-ның әректтерінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің 467-бабы бұзылды, сондай-ақ 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚРК-нің 546-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген әкімшілік құқықбұзушылық орын алған.

 

«Әуежай-Қостанай» кеден бекеті