Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде
кеден және салық әкімшілендіру сұрақтары бойынша кезекті Консультативтік кеңес отырысы өтті
2016 жылғы 6 қазанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеден және салық әкімшілендіру сұрақтары бойынша Консультативтік кеңес отырысы өтті.
Отырысқа Консультативтік кеңестің мүшелері мен жұмыс тобы қатысты.
Күн тәртібіне келесі тақырыптар қаралды:
- Шетелден алынған қаражатының мониторингіне қатысты төлем жүйесі және төлемдерінің сұрақтар
бойынша ҚР заң актілеріндегі өзгертулер туралы – баяндаушы ТЖБ басшысы Б.С. Әлмағамбетов.
- Электрондық есеп-шоттарын қолдану туралы – баяндаушы ЖСӘБ басшысы М.Б.Әлмағамбетов.
Кеңес отырысын Департамент басшысының орынбасары Т.А. Арысбаев ашты, күн тәртібімен таныстырды. Ол ағымдағы жылғы желтоқсанда біздің ел белгілі уақиға мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қалыптасқанына 25 жыл болғанын тойлататынын айтып кетті. Бұл өзінше стратегиялық мақсатқа жету жолын салыстырып белгілі қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін мәре.
2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Департаменпен мемлекеттік бюджетке түсімдерінің жоспары 128% орындалды. 74,0 млрд. теңге жоспар кезінде нақты 95,0 млрд. теңге түсіп, 21,0 млрд. теңге асыра орындалды. Өз еркімен төлеу коэффиценті 93% құрады, яғни мемлекеттің мәжбүрлеуінсіз.
Бұл кезекті Департаменттің рынок қатысушыларын салықтан кету түрлерін іздеу емес бәсекелестікке ынталандыруды пайдаланытынып көрсетті.
Кеңес барысында «Стофарм» ЖШС өкілі Р.Б. Курбановтан ЕАЭО аумағынан әкелінетін дәрілік заттарды ҚҚС төлеуден босатуды қолдану үшін кеден одағының СЭҚТН коды бойынша қорытынды ресімдеу рәсімін жеңілдетуге қатысты ұсыныс білдірді.
Бұған Т.А. Арысбаев Кеден одағының СЭҚТН коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізіліммен ұсынылатыны, ал қалған жеткізілімдер бойынша осындай қорытындының көшірмесі ұсынылатыны туралы түсініктеме берді.
Кеңесті корытындылай отырып, Т.А. Арысбаев қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтып, одан әрі де жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Түсіндіру жұмысы басқармасы