Жарияланған күні: 12.09.2024 15:21
Өзгертілген күні: 12.09.2024 15:22

Ағымдағы жылдың 1 қазаныңда Жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің 2023 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін болып табылады.

Салық органдары мүлікті меншік құқығында иеленудің нақты мерзімін ескере отырып, жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы айқындайтын құн негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде салықты есептейді.

Орналасқан мүлік бойынша:
- ортақ бірлескен меншікте олардың арасындағы келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келген жағдайда, төлемді меншік иелерінің біреуі ғана төлейді;
- ортақ үлестік меншікте мүліктің барлық меншік иелері осы мүліктегі үлесіне сәйкес салық төлеушілер болып табылады.

Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын "алдағы төлемдер" сервисінен көруге болады kgd.gov.kz, "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшаларында "Kaspi.kz" және "Halykbank".