
Қазақстан Республикасында ТЖ енгізілуіне байланысты, жеке кәсіпкерді электрондық форматта тіркеу рәсімінен өтуіңізге болады.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар Мемлекеттік кірістер органына кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабардар ету жеткілікті.
Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін elicense.kz порталынан тіркеуден өту қажет
Порталда тіркелгеннен кейін «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама» қызметінің бетіне өтіңіз.
Қызмет бетінде «онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу қажет, одан кейін ЖК орналасқан жері бойынша салық органын таңдау қажет.
Бұл беттің соңғы бөлімінде «Мемлекеттік кірістер органынан растауды сұрату» тармағы бар, онда «жіберу» бастырмасына басу және ЖК тіркеу мүмкіндігін мақұлдау туралы хабарламаны күту қажет
«Бұдан әрі» басқаннан кейін өрістері бар терезе ашылады, онда сіздің болашақ кәсіпорыныңыздың деректемелері мен параметрлерін– мекен -жайын, атауын, қызмет түрін (ЭҚЖЖ), салық салу нысанын және т. б. көрсету қажет.
Қалыптасқан сұранымға ЭЦҚ қол қойылады, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде сіз «менің хабарламам» бөлімінде хабарлама аласыз.
Осылай ЖК тіркеу рәсімі электронды түрде осылай жүреді.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Сіздерден Мемлекеттік қызметтер басқармасына 8 - (7142) 53-72-62 немесе Қостанай қаласы бойынша МКБ қызмет көрсету орталығына 28-13-38 , 28-10-26 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.