Жарияланған күні: 23.09.2016 17:17
Өзгертілген күні: 23.09.2016 17:19

Алдын ала  ақпараттандыру

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан мүшесі болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік заңнамасымен (бұдан әрі-Кеден одағы) уәкілетті экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, соның ішінде кеден өкілдері және өзге мүдделі тұлғалар кеден органдарына электрондық түрде кедендік шекара арқылы өткізілуге болжанатын халықаралық тасымалдау көлік құралдары, кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу уақыты және орны туралы алдын ала ақпарат ұсынуы тиіс норма көзделген.

Алдын ала ақпараттандыруды қазіргі уақытта дамыған кедендік әкімшілендірулер қолданатын маңызды принциптердің бірі ретінде анықтауға болады және қауіпсіздіктің шеңбер стандарттарын енгізу және сауданы жеңілдету, Дүниежүзілік кеден ұйымының жүргізіп жатқан жұмыстары шеңберінде жеткізілімдердің интеграцияланған тізбегін басқаруды енгізу үшін негіз болып табылады және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында қойылған интеграциялық үрдістерді тездету және тереңдету мәселелері бойынша қойылған міндеттерге толығымен сәйкес келеді.

Алдын ала ақпараттандыру концепциясы сауда қызметіне тартылған  немесе тасымалдау үрдісінде қатысушыларға стандартталған ақпаратты және импорт, экспорт және транзит туралы заңдардың талаптарын орындау үшін кірістің бір нүктесіне құжаттарды ұсынуға мүмкіндік беретін Бірыңғай электрондық терезе түсінігімен тығыз байланысты.

Алдын ала ақпараттандыруды жан жақты енгізу, электрондық декларациялау және алыс шығарылым сияқты болашағы зор бағыттардың дамуына әсер етеді, келу орындарында кедендік операциялардың уақытын қысқартады, оларды оңтайландыруға, тауарлар және көлік құралдарын өткізетін тұлғалардың шығындарын азайтуға, кеден одағының кедендік шекарасында өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың нәтижелігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Санкт-Петербург қаласында жасасқан 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және көлік құралдары туралы алдын ала ақпараттандыруды ұсыну және айырбастау туралы Келісімнің  2-бабына сәйкес (бұдан әрі - Келісім), уәкілетті экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, соның ішінде кедендік тасымалдаушылар, кеден өкілдері және өзге мүдделі тұлғалар Кеден одағына мүше елдердің кеден органдарына кеден шекарасы арқылы мұндай тауарларды өткізетін көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты электрондық түрде ұсынады.

Алдын ала ақпараттандыруды ұсыну тәртібі тауар өткізілетін көліктің түріне байланысты Кеден одағы комиссиясы шешімімен анықталады.

Бұл ретте алдын ала ақпараттандыруды пайдаланудың артықшылығы мыналар болып табылады:

  • Алдын ала ақпараттандыруды транзиттік декларацияның электрондық көшірмесі ретінде пайдалану;
  • Өткізу пунктінде өтуге уақыттың қысқаруы;
  • Өткізу пунктінде кеден өкіліне жүгінудің болмауы;
  • Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кеден органының тауарларды шығару туралы шешімді қабылдауға уақытты 24 сағаттан 2 сағатқа қысқарту;
  • ҚР кеден органдарының Web-порталы арқылы  көлік құралының тіркелуі, транзиттік декларацияны шығару және межелі орынға жеткізу туралы ақпаратты алу.

           Осылайша, Кеден одағының кедендік шекарасына автомобиль және теміржол көліктерімен тауар әкелетін тұлғалар, алдын ала ақпараттандыруды қолдана отырып, келу орындарында кедендік операцияларды жасау үшін қажет уақытты қысқартуға, сондай-ақ кеден өкілдерінің кедендік декларациялау бойынша мамандарының қызметіне жүгінбестен, өз бетінше алдын ала транзиттік декларацияның электрондық көшірмесін қалыптастыра алады, бұл өз кезегінде олардың кешігуін азайтады.

           Автомобиль көліктерімен өткізілетін тауарлар бойынша алдын ала ақпараттандыру Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №899 шешімімен енгізілген және 2012 жылдың 17 маусымынан бастап қолданысқа енгізілген. Мүдделі тұлға  алдын ала ақпаратты Кеден одағына мүше елдің кеден органына  тауарлар және көлік құралдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізгенге дейін 2 сағат бұрын жолдауы қажет.

          Теміржол көлігімен өткізілетін тауарлар бойынша алдын ала ақпараттандыру қолданысқа Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №196 шешімімен енгізілген және 2014 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізілген, бұл ретте Кеден одағына мүше елдің тасымалдаушысына алдын ала ақпарат тауардың өткізу пунктіне келуіне дейін 4 сағат бұрын ұсынылуы тиіс.

         Кедендік операцияларды жасау үшін тасымалдаушының бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ТБСН) жасалады және мүдделі тұлға Кеден одағына мүше елдің кеден органына кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар және көлік құралдарын өткізу орнында Web-порталдан шығарып алу немесе оны көлік құжаттарында көрсету арқылы ұсынады.

        Тауарларды жеткізу орнында Кеден одағына мүше елдердің кеден органы көліктік (тамылдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттардағы мәліметтермен алдын ала ақпаратты салыстырады.

       Ұсынылған тауарларға қатысты одан әрі кедендік операциялар Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

        Ерекше ескерілетін жәйт, келу орнында кедендік транзиттің кедендік рәсімімен әкелінген тауарларды орналастыру үшін бекітілген көлемде алдын ала ақпаратты ұсыну жағдайында, ұсынылған алдын ала ақпарат транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын құжаттардағы алдын ала ақпарат және мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда транзиттік декларацияның электрондық көшірмесі ретінде пайдаланылады.

         Аталмыш тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес шығару шешімін қабылдау кеден одағының заңнама нормаларын сақтамау тәуекелінің болмауы жағдайында транзиттік декларацияны тіркеу кезеңінен бастап екі сағаттан кешіктірмей жүзеге асырылады.

         Қазақстан Республикасы кеден органдарының Web-порталы (pi.customs.kz)  алдын ала ақпаратты қалыптастыру және ұсыну үшін шектеусіз барлық СЭҚ қатысушыларына ашық екенін назарға саламыз, аталмыш порталға кіруге рұқсат пайдаланушыларды  қарапайым тіркеу арқылы жүзеге асырылады.