Жарияланған күні: 08.11.2016 19:03
Өзгертілген күні: 08.11.2016 19:05

Фото сайысының қорытындысы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын орындау және оларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау мақсатында фото сайыс өткізді.

Сайысқа қатысу үшін 7 номинация бойынша А3 форматында 90 фотосурет ұсынылды.

Сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін эксперт ретінде А.Н.Никифоров атындағы Көркемдік мектебінің бейнелеу өнерінің оқытушысы А.Ю. Рерих шақырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша 7 номинация бойынша келесі басқармалар жеңіске жетті:

  1.  «Менің Қазақстаным» номинациясы бойынша 7 үміткердің ішінен  «Қостанай – ҚРО» кеден бекетінің фото суреті таңдап алынды;

  2. «Біздің мамандығымыз» номинациясы бойынша 5 үміткердің ішінен Түсіндіру жұмысы басқармасынының фото суреті таңдап алынды.

  3. «Менің ұжымым» номинация бойынша 18 үміткерлер арасынан Борыштармен жұмыс басқармасының фото суреті таңдап алынды.

  4.   «Менің қалам (кентім)» номинация бойынша 19 үмінкерлер арасынан Қостанай қаласы бойынша МКБ фото суреті таңдап алынды.

  5. «Туған өлкемнің пейзажы» номинациясы бойынша 15 үміткерлер арасынан Меңдіқара ауданы бойынша МКБ фото суреті таңдап алынды.

  6. «Портрет» номинациясы бойынша 9 үміткерлер арасынан Ұйымдастыру-қаржы басқармасының фотосуреті таңдап алынды.

  7. «Менің отбасым, өмір деген осы» номинациясы бойынша 13 үміткерлердің ішінен Таран ауданы бойынша МКБ фото суреті таңдап алынды.

Сондай-ақ экспертпен «Менің Қазақстаным» номинациясы бойынша Адам ресурстары басқармасының және Кедендік бақылау басқармасының және «Біздің мамандығымыз» номенациясы бойынша «Қостанай-ҚРО» кеден бекетінің жақсы фотолары белгіленді.

Жеңімпаздар желтоқсанда қорытындылаушы гала-концертте марапатталады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысқандары үшін барлығына алғыс айтамыз!

Департаменттің баспасөз қызметі