Date of publication: 20.01.2016 15:46
Date of changing: 18.04.2016 15:15

Кәсiпкерлерге ДСҰ мен ЕАЭО шеңберiнде тауарлар айналымының шарттары жөнінде

 

2016 жылғы 11 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды әкелудің және олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттама (бұдан әрі – Хаттама) күшіне енгенін хабарлаймыз.

Еуразиялық экономикалық комиссиясына Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттің ішіндегі рәсімдердің аяқталуы туралы Одақтың барлық елдерінен ноталар келіп түсті.

Хаттама ДСҰ-ға кіру бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес кедендік баждардың төмендетілген ставкалары бойынша Қазақстанға әкелінетін тауарлардың, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шеңберінде әкелінуін және өткізілуін реттеу тәртібін көздейді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы оларға қатысты ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифінің баж ставкаларымен салыстырғанда, анағұрлым төмен әкелу кедендік ставкаларды қолданатын тауарлардың тізбесі туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешімі күшіне енгені туралы атап өтеміз. Тізбе және нормативтік құжаттар бойынша толық ақпарат www.kgd.gov.kz (ДСҰ) сайтында орналастырылған.

Осыған байланысты, салық төлеушілердің назарына «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығының 7-талаптарын сақтау қажеттілігі туралы жеткіземіз , оған сәйкес:

«Салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы 77 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10423 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған), Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында белгіленген тәртіпте:

бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

ЕАЭО мүше мемлекеттің аумагынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

мыналарды:

бұрын үшінші елдің аумғынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;

ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағынан әкелінген тауарларды;

бір заңды тұлғаның шегінде тауарларды беруге  байланысты, ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен кезде электрондық шот-фактураны жазып береді.

Бұл ретте бұл әкетілім Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған өткізу бойынша айналымға енгізілмейді.»

Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан өзге ЕАЭҚ мүше мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 09.12.2015 жылғы № 640 бұйрығының 8, 9, 10-1 және 10-2-тармақтарына  сәйкес мемлекеттік кірістер департаментінің мөрімен расталған тауарға ілеспе құжаттар болып табылады:     

тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың қағаз көшірмелері;

СТ-1 нысанындағы тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқасы және электрондық шот-фактуралардың қағаз көшірмелері;

электрондық шот-фактуралардың қағаз көшірмелері және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш (328.00-нысан).

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 09.12.2015 жылғы № 640 бұйрығымен және 09.02.2015 жылғы № 77 бұйрығымен белгіленген талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  280-1-бабына (файлге сілтеме - КоАП каз) сәйкес  әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

Инструкция № 718

Правила № 719

                                                                                          __________________________

 

                                         280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу
 
 
      1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде қосылған құн салығын төлеушінің көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға Қазақстан Республикасы салық заңнамасының шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру жөніндегі талабын бұза отырып, шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазуы –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының алпыс пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының жетпіс пайызы, бірақ алпыс айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының сексен пайызы, бірақ сексен айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.