- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 24.07.2015 12:20
Өзгертілген күні: 24.07.2015 12:22
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимылының қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 220 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 256 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10894 тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 121-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимылының қағидасы бекітілсін.
2. «Тегін қаржылай және техникалық көмек ретінде мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларға кедендік ресімдеу жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетінің ережесін бекіту туралы» Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 7 маусымдағы № 717 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормалық құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде № 1588 тіркелген, орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., № 30, 477-құжатта).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау үшін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Ұлттық экономика министрінің м.а.
Б.Т. Сұлтанов ___________ М.Ә. Құсайынов ___________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 220 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 256 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимыл қағидалары
1. Осы Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимыл қағидасы (бұдан әрі – Қағида), «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 121-бабының 4-1-тармағына, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша тауарларды өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде, сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын (меморандумдарды, келісімдерді, келісім-шарттарды) іске асыру шарттарын қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылының тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағида өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде, сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен әкелінетін тауарларға қатысты қолданылады.
3. Өтеусіз негізде техникалық көмек көрсету (ықпал ету), сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен тауарларды әкелу бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды (меморандумды, келісімді, келісім-шартты) іске асыру шарттарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді сыртқы көмек мәселесі бойынша өкілетті орган (бұдан әрі – ҚР Ұлттық экономика министрлігі) жүзеге асырады.
4. ҚР Ұлттық экономика министрлігі өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде, сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен Қазақстан Республикасына тауарларды жөнелту қағидалары туралы мүдделі мемлекеттерге, мемлекеттер үкіметтеріне, халықаралық ұйымдарға хабарлайды.
5. Өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету), сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен тауарларды әкелу бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан (меморандум, келісім, келісім-шарттарынан) туындайтын міндеттемелерін өз құзіреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік орган әкелінетін тауарларды кедендік декларациялау басталғанға дейін күнтізбелік елу күннен кешіктірмей ҚР Ұлттық экономика министрлігіне мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде немесе грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен тауарларды алу туралы шарттың (меморандумның, келісімнің, келісім-шарттың) көшірмесі;
тиісті шарттың (меморандумның, келісімнің, келісім-шарттың) шеңберінде олардың атауын, санын және құнын көрсете отырып, өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде немесе грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен әкелінетін тауарлардың тізбесі;
әрбір жеке халықаралық шарттар (меморандум, келісім, келісім-шарт) бойынша әкелінген тауарларды кедендік декларациялауда жауапты тұлға туралы және әкелінген тауарларды соңғы алушы туралы ақпарат;
әкелінетін тауарларды кедендік тазарту және бақылау жүзеге асырылатын аумақтық мемлекеттік кірістер органдарын көрсете отырып, тауарларды жеткізу кестесі.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді қарағаннан кейін өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде, сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен тауарларды алу туралы тиісті келісімнің (меморандум, келісім, келісім-шарттың) барын және әкелінетін тауарлардың соңғы алушысын растайды және әкелінетін тауарларды кедендік декларациялағанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) және осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген орталық мемлекеттік органға жазбаша хабарлайды.
7. Осы Қағйданың 5-тармағында көрсетілген орталық мемлекеттік орган, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Осы Қағйданың 5-тармағында қарастрылған мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
8. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған құжаттар мен мәліметтерді қарағаннан кейін оларды әкелінетін тауарларды кедендік тазарту мен бақылау жүргізілетін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.
9. Егер, осы Қағиданың 3-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қызметін үйлестіру бойынша өкілеттік өзге орталық орындаушы органға берілген жағдайда, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетік кірістер комитетіне хабарлайды, сондай-ақ осы Қағиданың ережелерінен туындайтын міндеттемелер туралы орталық орындаушы органды хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарына тауарлар туралы нақты мәліметтер берілмеген кезде мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын анықтау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасымен белгіленген мағынада қолданылады.
2. Мелекттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібі
3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:
ақшамен;
банк кепілдігімен;
кепілгерлікпен;
мүлік кепілімен;
сақтандыру шартымен.
Кодекстің 143-бабының 1-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды жасау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де жағдайларда кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылады.
4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын (бұдан әрі – Карточка) ресімдеу арқылы жүргізіледі.
5. Карточка мемлекеттік кірістер органдарының кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуін есепке алу мақсатында ресімделеді және мемлекетік кірістер органдары үшін, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдауды, оның ішінде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде растайтын құжат болып табылады.
6. Карточка екі данада ресімделеді:
Карточканның бірінші данасы, оны тіркеген мемлекетік кірістер органының бөлімшесінде (бұдан әрі – ТНТРКҚБ) қалады.
екінші данасы, Карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, кедендік операция жасалатын мемлекетік кірістер органының бөлімшесіндегі автоматандырылған ақпаратық жүйеге беріледі және (немесе) жолданады.
Кедендік тасымалдаушы ретінде қызметін жүзеге асыру үшін кедендік өкілге кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда, Карточканың екінші данасы оны тіркеген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай тұлғалардың тиісті тізілімін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекетік кірістер органдарындағы автоматандырылған ақпаратық жүйеге беріледі және (немесе) жолданады.
Мемлекетік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы өтініші тіркелген күнінен кейінгі 10 күннен кешіктірмей, төлеушіге Карточканы тіркеу немесе себебін көрсетіп, тіркеуден бастарту туралы хабарлама жолданады.
7. Карточканың тіркеу нөмірі мынадай құрылымнан тұрады:
ООООО/ККААЖЖ/ННННН, мұнда:
ООООО – Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;
КК – тіркелген күні;
АА – тіркелген айы;
ЖЖ – тіркелген жылдың соңғы екі цифры;
ННННН – Карточканның реттік нөмірі.
Карточканың реттік нөмірлерін нөмірлеу бір санынан басталады. Әрбір келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап Карточканың реттік нөмірлерін нөмілеу бір санынан басталады.
8. Төлеушінің өтініші бойынша Карточкаға қосымша құрылады, сондай-ақ мынадай:
кедендік операцияларды жасау мерзімінің ұзартылуына байланысты, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдану мерзімі ұзартылған;
банк кепілдігін, мүлік кепілі шартын, кепілгерлік шартын, сақтандыру шартын қолдану мерзімі ұзартылған;
кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынған заңды тұлға немесе кепілгер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;
бір тауар партиясында әкелінген тауарлардың бөлігін кедендік тазарту нәтежиесі бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы азайған жағдайларда тізілімде тиісті өзгертулер көрсетіледі.
Карточкаға қосымша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
9. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген және берілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сертификаты (бұдан әрі – Сертификат) тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қабылдануын растайтын құжат болып табылады.
Сертификаттың нысаны және оны толтыру тәртібі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен айқындалады.
10. Кодекістің 298-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін
тауарларды шығарған жағдайда, шығару оны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосу үшін енгізілген, уәкілетті экономикалық операторда бар кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті экономикалық оператор декларант болып әрекет ететін, кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару кезінде тауарларды шығаруды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органы тауарларды шығарумен байланысты міндеттемелер орындалғанға дейін қамтамасыз ету сомасын есепке алу мақсатында ТНТРКҚБ автоматандырылған ақпараттық жүйесіне бұл туралы ақпаратты жолдайды және (немесе) хабардар етеді.
ТНТРКҚБ уәкілетті экономикалық оператор декларант болып әрекет ететін, кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы ұсынылған ақпаратты ескереді, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператор тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне аталған ақпаратты жолдайды және (немесе) хабардар етеді.
11. Төлеуші, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету жүргізілген кедендік операцияларды аяқтағаннан кейін, кедендік операция жүргізілген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын құжатардың көшірмелерін бере отырып, ТНТРКҚБ-ға бұл туралы ақпаратты жолдайды.
12. Төлеуші кедендік операцияларды жасаған кезде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы Карточканы ресімдеген мемлекеттік кірістер органына жазбаша нысанда жүгінеді.
13. ТНТРКҚБ кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын қайтару үшін кедендік операцияларды жасаған кездегі міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалуына, кедендік операциялар жүргізілген мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелеріне ұсынған құжаттарды тексеруді жүзеге асырады.
14. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын кайтару Кодекске сәйкес жүргізіледі.
15. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша берілген, оның ішінде белгіленген мерзімде міндеттемелерді төлеуші орындамаған немесе тисінше орындамаған кезде, аталған кедендік операция жүргізілген немесе жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшесі міндеттеменің орындалу мерзімі келген немесе міндеттемені орындамау немесе тисінше орындамау фактісі анықталған келесі жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын құжаттарды ұсына отырып, ТНТРКҚБ-ға бұл туралы ақпараттарды жолдайды.
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша берілген, оның ішінде белгіленген мерзімде міндеттемелерді төлеушінің орындамағаны немесе тисінше орындамағаны туралы ақпараттарды алғаннан кейін ТНТРКҚБ төлеушінің өз міндеттемелерін орындамаумен немесе тисінше орындамаумен байланысты шараларды қабылдайды.
16. ТНТРКҚБ Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкалары тізілімінде ресімделген Карточкаларды осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алуды жүзеге асырады.
17. Төлеушінің өтініші бойынша, егер кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді енгізу бойынша кедендік операция жасалмаған жағдайда, Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету карточкасы тізілімінің ескертпесіне күшін жою туралы мәліметтерді енгізе отырып, Карточка күшiн жоюға жатады.
Карточка күшін жойған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, ТНТРКҚБ Карточканың екінші данасы жолданған мемлекеттік кірістер органының бөлімшесін Карточканың күшін жоюы туралы ақпараттандырады.
3. Мемлекеттік кірістер органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны есепке алу тәртібі
18. Төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізеді.
19. Ақшаны уақытша орналастыру шотына қамтамасыз ету сомасын енгізу туралы ұсынылған төлем құжаттарының, сондай-ақ Карточкада көрсетілген мәліметтердің негізінде ТНТРКҚБ кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасын есепке алу мақсатында осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша мемлекеттік кірістер органының уақытша орналастыру шотына кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын енгізу туралы Төлем құжаттарының тізілімін қалыптастыруды жүргізеді.
20. ТНТРКҚБ ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаны салған кезде төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауын есепке алу және бақылау мақсатында осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкаларды (бұдан әрі – Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка) жүргізуді жүзеге асырады.
21. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка, сондай-ақ:
төлеушінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелері бойынша бюджетке кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын аудару;
орындалған міндеттемелері бойынша төлеушiнiң банк шоттарына ақшаны уақытша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару;
кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету енгізілетін кедендік операцияларды одан әрі жасау үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын есепке алу;
кедендік баждар, салықтар бойынша алдағы міндеттемелер есебіне кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомаларын аудару;
кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек есебіне кедендік баждардың, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомаларын аудару;
талап ету мерзімінің өтуі бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомаларын аудару үшін арналған.
22. Ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын есепке алу мақсатында қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка төлеушілердің әрқайсына жеке ашылады.
23. Ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасының есебі қағаз тасымалдағышында және (немесе) автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі.
24. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточканы ашу үшін ақшаны уақытша орналастыру шотына кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретінде ақшаны енгізу незідеме болып табылады.
25. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка әрбір күнтізбелік жылға ашылады
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы бойынша түпкілікті сальдо, алдағы қаржылық жыл үшін қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкадан келесі жылы ашылатын қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкаға аударылады.
26. Заңды тұлғалар қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточканы ашқан кезде міндетті түрде мынадай деректемелер көрсетіледі:
заңды тұлғаның толық атауы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
заңды мекенжайы.
27. Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғаның қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкаларында:
жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде);
жеке сәйкестендіру нөмірі;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
28. Ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаны енгізу қамтамасыз етілген мiндеттемесiн орындау шарты кезінде төлеуші мемлекеттік кірістер органына:
орындалған міндеттемелер бойынша төлеушінің банк шотынан ақшаны қайтару туралы;
кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету енгізілген кедендік операцияларды одан әрі жасау үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын пайдалану туралы;
кедендік баждар, салықтар бойынша алдағы міндеттемелер шотына кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын аудару туралы;
талап қою мерзімінің өтуі бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын аудару туралы жазбаша өтінішпен жүгінеді.
29. Төлеуші ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаны енгізуді қамтамасыз ету міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, ТНТРКҚБ кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын бюджетке есептеуді жүзеге асырады.
Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органы бес жұмыс күнінің ішінде төлеушіге, олардың міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы бойынша ақшаны уақытша орналастыру шотынан кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасының бюджетке есептелуі туралы хабарлайды.
30. Кедендік операцияны жасаудың нәтижесі бойынша, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету енгізілген мемлекеттік кірістер органының уақытша орналастыру шотына кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын енгізу туралы Төлем құжаттарының тізіліміне толықтырулар енгізіледі.
4. Банк кепілдігін есепке алу тәртібі
31. Төлеуші мемлекеттік кірістер органына банк кепілдігін ұсынады.
32. Төлеуші ұсынған банк кепілдігінің түпнұсқалылығына және/немесе мазмұнына қатысты күдік туындаған кезде мемлекеттік кірістер органдары мұндай кепілдікті берген банктен жазбаша нысанда растауды сұратады.
33. ТНТРКҚБ ұсынылған банктік кепілдіктің, сондай-ақ Карточкада көрсетілген мәліметтердің негізінде, кедендік баждарды, салықтарды камтамасыз ету сомаларын есепке алу мақсатында, осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдіктер тізілімін қалыптастыруды жүргізеді.
34. Банк кепілдігімен қамтамасыз ету міндеттемесін орындаған төлеуші, бұл туралы Банкке хабарлайды.
Банк кепілдік бақылаудан алынады, ал банктік-кепіл, орындау үшін банктік кепіл берілген міндеттемелерді төлеуші орындаған жағдайда банктік кепілдің қолданылуын тоқтату туралы ТНТРКҚБ-ға хабардар етеді.
35. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары банктік кепілдікте көзделген міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталғанан кейін бес жұмыс күнінің ішінде банкке кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомасын төлеу туралы талапты жолдайды.
36. Мемлекеттік кірістер органдары кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың тиісті сомасын төлеу туралы банкке жолдаған талабында:
төлеушінің атауы;
төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасын есептеуге жататын бюджеттік жіктеу коды;
мемлекеттік кірістер органы-бенефициар және қазынашылық органының деректемелері;
төлеушінің міндеттемелерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, сондай-ақ олар бойынша өсімпұлдардың сомасы;
төлеушінің міндеттемелерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ олар бойынша өсімпұлдарды төлеу мерзімі болады.
37. Кедендік операцияны жасаудың нәтижесі бойынша, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету енгізілген банктік кепілдер тізіліміне толықтырулар енгізіледі.
5. Кепілгерлік шартын есепке алу тәртібі
38. Төлеуші мемлекеттік кірістер органына кепілгерлік шартын ұсынады.
39. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының азаматтық және кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кепілгерлік шартын қабылдайды.
40. Мемлекеттік кірістер органы, төлеуші ұсынған кепілгерлік шартының түпнұсқалығына және / немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған кезде, кепілгерден жазбаша нысанда растауды сұратады.
41. Ұсынылған кепілгерлік шарт негізінде, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді кепілгер мынадай тәсілдермен қамтамасыз етуі мүмкін:
ақшаны уақытша орналастыру шотына қамтамасыз ету сомасын енгізу;
банк кепілдігі;
мүліктік кепіл;
сақтандыру шарты.
Кепілгерлік шартын ұсынумен қатар төлеуші, мемлекеттік кірістер органына кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттарды ұсынады:
ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаны аудару туралы төлем құжатының көшірмесі;
мүлікті кепілге қою шарты және кепілге қойылған мүліктің нарықтық бағасы туралы бағалаушының есебі;
банк кепілдігі;
сақтандыру шарты.
42. Ұсынылған кепілгерлік шарттың, сондай-ақ Карточкада көрсетілген мәліметтердің негізінде ТНТРККБ, кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасының есебін жүргізу мақсатында, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілгерлік шарттар тізілімін қалыптастыруды жүргізеді.
43. Кепілгерлік шартпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған төлеуші бұл туралы кепілгерге хабарлайды.
Кепілгерлік шарты бақылаудан алынады, ал мемлекеттік кірістер органы, орындау үшін кепілгерлік шарты ұсынылған міндеттемелерді төлеуші орындаған жағдайда кепілгерлік шартының қолданылуын тоқтату туралы кепілгерге хабарлайды.
44. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді төлеуші орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы кепілгерлікте көзделген міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың тиісті сомасын төлеу туралы кепілдік берушіге талап жолдайды.
Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күнінен кейінгі күннен бастап айыппұл есептеледі.
45. Мемлекеттік кірістер органының кепілгерге кедендік баждардың, салықтар мен айыппұлдардың тиісті сомасын төлеу туралы талабында:
төлеушінің атауы;
төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасын есептеуге жататын бюджеттік жіктеу коды;
мемлекеттік кірістер органының-бенефициар мен қазынашылық органының деректемелері;
төлеушінің міндеттемелерін орындамауымен немесе тиісінше орындамауымен байланысты төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, сондай-ақ олар бойынша айыппұлдар сомасы;
төлеушінің міндеттемелерін орындамауымен немесе тиісінше орындамауымен байланысты төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ олар бойынша айыппұлдарды төлеу мерзімі болады.
46. Кедендік операцияны жасаудың нәтижесі бойынша, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету енгізілген кепілгерлік шарттар тізіліміне толықтырулар енгізіледі.
6. Мүлік кепілін есепке алу тәртібі
47. Төлеуші мемлекеттік кірістер органына Мүлік кепілі шартын ұсынады.
48. Мемлекеттік кірістер органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының азаматтық және кеден заңнамасына сәйкес ресімделген, мүлік кепілі шартының негізінде мүлік кепілін, сондай-ақ кепілдікке қойылған мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебін қабылдайды.
49. Мемлекеттік кірістер органы төлеуші ұсынған мүлік кепілі шартының түпнұсқалығына және/немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған кезде кепіл берушіден жазбаша нысанда растауды сұратады.
50. ТНТРККБ ұсынылған мүлік кепілі шартының, сондай-ақ Карточкада көрсетілген мәліметтердің негізінде, кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасының есебін жүргізу мақсатында осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мүлік кепілі шарттарының тізілімін қалыптастыруды жүргізеді.
51. Мүлік кепiлі шартында қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған төлеуші, бұл туралы кепіл берушіге хабарлайды.
Мүлік кепiлі шарты бақылаудан алынады, ал мемлекеттік кірістер органы орындау үшін кепіл шарты ұсынылған міндеттемелерді төлеуші орындаған жағдайда мүлік кепiлі шартының қолданылуын тоқтату туралы кепіл берушіге хабарлайды.
52. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттелерді төлеуші орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы мүлік кепiлі шартында көзделген міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомасын төлеу туралы кепіл берушіге талап жолдайды.
Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күнінен кейінгі күннен бастап айыппұл есептеледі.
53. Мемлекеттік кірістер органының кепіл берушіге кедендік баждардың, салықтар мен айыппұлдардың тиісті сомасын төлеу туралы талабында:
төлеушінің атауы;
төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасын есептеуге жататын бюджеттік жіктеу коды;
мемлекеттік кірістер органының-бенефициар мен қазынашылық органының деректемелері;
төлеушінің міндеттемелерін орындамауымен немесе тиісінше орындамауымен байланысты төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, сондай-ақ олар бойынша айыппұлдар сомасы;
төлеушінің міндеттемелерін орындамауымен немесе тиісінше орындамауымен байланысты төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ олар бойынша айыппұлдарды төлеу мерзімі болады.
54. Кедендік операцияны жасаудың нәтижесі бойынша, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету енгізілген Мүлік кепiлі шарттарының тізіліміне толықтырулар енгізіледі.
7. Сақтандыру шартын есепке алу тәртібі
55. Төлеуші мемлекеттік кірістер органдарына сақтандыру шартын ұсынады.
56. Кедендік баждардың,салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының азаматтық және кеден заңнамасына сәйкес ресімделген сақтандыру шартын қабылдайды.
57. Мемлекеттік кірістер органы төлеуші ұсынған сақтандыру шартының түпнұсқалығына және/немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған кезде сақтандыру ұйымынан жазбаша нысанда растауды сұратады.
58. ТНТРККБ ұсынылған сақтандыру шартының, сондай-ақ Карточкада көрсетілген мәліметтердің негізінде, кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасының есебін жүргізу мақсатында, осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру шарттарының тізілімін қалыптастыруды жүргізеді.
59. Сақтандыру шартында қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындаған төлеуші, бұл туралы сақтандыру ұйымына хабарлайды.
Сақтандыру шарты бақылаудан алынады, ал мемлекеттік кірістер органы орындау үшін сақтандыру шарты ұсынылған міндеттемелерді төлеуші орындаған жағдайда сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату туралы сақтандыру ұйымына хабарлайды.
60. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттелерді төлеуші орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы сақтандыру шартында көзделген міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомасын төлеу туралы сақтандыру ұйымына талап жолдайды.
Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күнінен кейінгі күннен бастап айыппұл есептеледі.
61. Мемлекеттік кірістер органының сақтандыру ұйымына кедендік баждардың, салықтар мен айыппұлдардың тиісті сомасын төлеу туралы талабында:
төлеушінің атауы;
төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасын есептеуге жататын бюджеттік жіктеу коды;
мемлекеттік кірістер органының-бенефициар мен қазынашылық органының деректемелері;
төлеушінің міндеттемелерін орындамауымен немесе тиісінше орындамауымен байланысты төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, сондай-ақ олар бойынша айыппұлдар сомасы;
төлеушінің міндеттемелерін орындамауымен немесе тиісінше орындамауымен байланысты төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ олар бойынша айыппұлдарды төлеу мерзімі болады.
62. Кедендік операцияны жасаудың нәтижесі бойынша, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету енгізілген сақтандыру шарттарының тізіліміне толықтырулар енгізіледі.
8. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау тәртібі
63. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмай экспорт кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде төлеуге тиесілі кедендік төлемдердің, салықтардың сомасына негізделе отырып айқындалады.
Тауарлардың кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмай экспорт кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың сомасына негізделе отырып, бірақ егер де, тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағында ішкі тұтыну үшін шығару немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмай экспорт кедендік рәсімдеріне орналасса, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы мемлекеттерде төлеуге тиесілі кедендік баждардың, салықтардың сомасынан кем емес болып айқындалады.
64. Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын белгілеген кезде тауарлардың сипаты, олардың атаулары, саны, шыққан елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтер мемлекеттік кірістер органына ұсынылмағандықтан, төлеуге жататын кедендік баждар, салықтар сомасын айқындау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомасы кедендік баждар, салықтар ставкаларының, тауарлар құны және (немесе) мынадай әдістермен мемлекеттік кірістер органында қолда бар мәліметтер негізінде айқындалуы мүмкін табиғи түрдегі (саны, салмағы, көлемі немесе өзге сипаттамалары) физикалық сипаттамаларына сүйене отырып айқындалады:
кедендік сараптама жүргізу;
анықтамалық ақпаратты (журналдар, буклеттер, каталогтар, анықтамалар және басқалар) пайдалану;
техникалық құжаттаманы және (немесе) сәйкестендіру құжаттарын пайдалану;
ресми интернет-ресурстарды пайдалану.