Жарияланған күні: 14.09.2021 21:11
Өзгертілген күні: 14.09.2021 21:32

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен салықты қасақана төлемеушілерге қатысты тұрақты негізде бірлескен рейдтер жүргізеді.

Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша борышкерлердің мүлкіне тыйым салу және алып қою жүргізіледі. Сонымен қатар, сот орындаушылары борышкерлердің банктік шоттарын бұғаттап, шетелге шығуға тыйым салуы мүмкін.

Мәселен, рейдтердің бірі барысында 551,0 мың теңге сомасында көлік құралдары салығы бойынша берешегі бар борышкердің жол талғамайтын көлігі пайда болды. Көлік құралының тізімдеме актісін жүргізу және айыппұл тұрағына орналастыру кезінде көлік иесі бюджетке берешек сомасын толық көлемде өтеген.

 Бұл бағыттағы жұмыс жандандырылды және бюджетке салық берешегін толық өндіріп алынғанға дейін жалғастырылатын болады.

Сонымен қатар, борышкерлер әлеуметтік төлемдер немесе жәрдемақылар алу үшін қажет шоттардан басқа банктік шоттар аша алмайды.

Салықтарды төлеуді E-salyq Azamat мобильді қосымшасы, Egov порталы, Қазпошта мен ЕДБ бөлімшелерінде, сондай-ақ ЕДБ (halyk, kaspi) мобильді қосымшалары арқылы жүргізуге болады.

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасы.