Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жоюдың бір тәсілі салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтаруды уақытылы жүргізу бойынша мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтау.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен тұрақты түрде көрсетілетін қызметтердің сапасын өсіру үшін жұмыс жүргізіледі, қызметтің бірі салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару.
Есепке жатқызу және қайтару жүргізудің айқындылығын жүзеге асыру үшін салық төлеушімен «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы электронды түрде орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органына жіберу мүмкіндігі жүзеге асырылған.
Салықтық өтініштерді электронды түрде жолдау салық төлеушілерге өз жұмыс орнынан салықтық өтінішті мемлекеттік кірістер органдарында кезекте тұрмауына мүмкіндік береді, бұл салық төлеушінің уақытын үнемдейді, және маманмен байланысты және оның есепке жатқызу және қайтару жүргізу бойынша операциялар жасау барсындағы өз пайдасын жояды, бұл сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайларға жол бермейді.
«Салық төлеушінің кабинеті» арқылы табыс етілген салықтық өтініштерді өңдеу ЦУЛС ақпараттық жүйесінде автоматтын түрде жүргізіледі және мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары күн сайын «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы келіп түскен өтініштерді қарауды жүзеге асыра алады.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен 2016 жылдың 4 айында 2355 есепке жатқызу және қайтару жүргізілді, соның ішінде 1575 өтініш «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы келіп түскен және 780 өтініш қағаз түрінде табыс етілген. Уақытылы жүргізілмеген есепке жатқызу және қайтару жоқ. Бұл талдау қызмет көрсетуді бақылаудың әрекетін көрсетеді, салық заңнамасының жетілуі және автоматтандырылуы мемлекеттік кірістер органындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге жолданылған айқын шара болып табылады.
Қостанай қаласы
бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы С.Т. Дөненбаев