Date of publication: 16.04.2015 12:08
Date of changing: 17.04.2015 09:05

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

кадрлар жұмысы қызметкерлерінің Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесуі

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  қызметкерлері А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерімен Мемлекеттік кірістер депаратментіне жұмысқа тұру тақырыбы бойынша кездесу өткізді.

      Департаменттің Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Марат Мәкенұлы Ескендіров қатысушыларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік кірістер комитетінің міндеттері мен мақсаттары  және Қазақстан өкіметінің құрлымындағы жаңа органның қызметі (ролі) туралы қысқаша таныстырды.

Адам ресурстары басқармасы персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы Гүлжан Алиханқызы Мизамбекова студеттердің назарына «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес құқық қорғау қызметіне өздерінің қызметін Қазақстан Республикасының заңды актілеріне сәйкес іске асыратын экономикалық тергеу қызметі жатқғызылатынын жеткізді.

Қостанай облысы аумағында Комитеттің аумақтық бөлімшесі болып Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі болып табылады.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, құқық қорғау органдарына қызметке тұру үміткерлерді міндетті түрде тағылымдамадан өткізе отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылылады. Құқық қорғау органдарының білім беру ұыймдарында оқуын аяқтаған адамдардың, теріс себептермен жұмыстан шығарылған не өз өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адамдарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан және қойылатын тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер болған адамдардың, Парламент депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, судьялардың құқық қорғау қызметіне конкурстық іріктеусіз тұруға біліктілік тараптарына сәйкес келетін лауазымдардың құқығы бар.

Экономикалық тергеу қызметінің жетекші маман – тергеуші және жетекші маман – офицері лауазымдарына (C-GDO-6 санаты) келесі талаптар қойылады:

-           нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес, жоғарғы кәсіби білім;

-           аталған лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін, білім, біліктілік пен тәжірибенің болуы;

-           құқық қорғау қызметін орындау үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

Экономикалық тергеу қызметінің C-GDO-6 санатына қызметке орналасу үшін практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы маңызды болмауына байланысты негізгі акцент жоғары оқу орнын жақсы үлгімен аяқтаған жас қызметкерлерге қойылған.

Экономикалық тергеу қызметіне қабылдау «Мемлкеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің лауазымдарына тағайындау үшін тағылымдамадан өту және конкурс 

өткізу шарттары мен ережелеріне» сәйкес өткізіледі.

Сондай-ақ Адам ресурстары басқармасы персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы Көркем Галымжанқызы Шаяхметова Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілік блогіна, атап айтқанда кеден және салық бағыттары бойынша жұмысқа қалай тұру туралы қысқаша әңгімелеп берді.

         Департаментке жұмысқа қабылдау бойынша ұқсас жұмыс «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға конкурс өткізу және конкурстық комиссия құру ережесіне» сәйкес өткізіледі.

Департамент сайтының интернет-ресурстарында, сондай-ақ мерзімді баспаларда: «Костанай таны», «Егемен Казахстан», «Казахстанская правда» газеттерінде бос орындар туралы конкурс жариялады.

Сандай-ақ студенттерді қызықтырған сұрақтарына түгелдей жауап берілді.