Date of publication: 17.05.2023 11:03
Date of changing: 17.05.2023 11:38

15.05.2022 жылы Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазтұтынуодағы колледжінің 2 курс студенттері үшін дәстүрлі түрде "Ашық есік күнін" ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты - Оқушыларды мемлекеттік кірістер органдарының жұмысымен таныстыру, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ студенттерді МКБ-да оқу практикасына тарту.

Балаларға мемлекеттік кірістер органдарының функциялары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, Цифрлық өнімдер және ҚР ҚМ МКК пилоттық жобалары туралы айтылды, жұмыс үрдісі көрсетілді.

Студенттер белсенді сұрақтар қойып, қызметкерлермен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Светлана Генкельмен заң бөлімінің бас маманы Мерей Алпысбаева барлық сұрақтарға жауап берді.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы