Date of publication: 18.05.2023 15:08
Date of changing: 18.05.2023 15:09

2023 жылғы 16 мамырда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында "Арнайы салық режимдері"тақырыбында брифинг өткізілді.
Басқарма басшысының орынбасары Ақылбекова Жанат Ілиясқызы және бас маман Тұрғанова Жанна Дүйсенбекқызы арнайы салық режимдеріне қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берді.
Спикерлер 2023 жылдан бастап АСР қолдануға кім құқылы емес екенін, мобильді қосымшаның АСР және бөлшек салықтың АСР-дегі өзгерістері туралы айтып берді. БАҚ өкілдерінен бірқатар сұрақтар келіп түсті, оларға түсініктемелер берілді.

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы