Date of publication: 23.10.2023 10:45
Date of changing: 23.10.2023 10:47

2023 жылғы 17 қазанда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Қостанай қаласының бухгалтерлерімен және салық төлеушілерімен семинар өткізілді.
Семинарға Қостанай облысының "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ филиалының басшысы Т.Ж.Ақжанов қатысты, Қостанай облысы бойынша МӘСҚ АҚ филиалының маманы Ю. Б. Хамитова, БЖЗҚ АҚ Қостанай облыстық филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің бастығы-Н.Н. Гордеева, Қостанай қаласы бойынша МКБ өкілдері бас маман Ж. Д. Тұрғанова, Р. Г. Гафурова және М. Ж. Алпысбаева.
Салық төлеушілерге заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы айтылды, Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша электрондық сервистер туралы хабардар етілді, онлайн-БКМ қолдану тәртібі түсіндірілді. Мемлекеттік кірістер басқармасына барған жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы, артық төленген салықтар мен төлемдерді қалай есепке жатқызу және қайтару керектігі туралы айтылды.
Шақырылған спикерлер әлеуметтік төлемдерді төлеу кезінде жиі жіберілетін қателіктер туралы айтып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қатысушыларға "e-Salyq Azamat" "e-Salyk Business", "salyqbot"- цифрлық салық кеңесшісі мобильді қосымшаларының артықшылықтары көрсетіліп, азаматтарды жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы айтылды.
Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және қолданыстағы "Азаматтық бақылау-Чекті талап ет" пилоттық жобасы туралы ақпарат жеткізілді.
Қатысушыларды қызықтыратын барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға ақпараттық жадынамалар табысталды.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы