Date of publication: 27.10.2023 17:32
Date of changing: 27.10.2023 17:33

Қостанай қаласының "Т" тұрғыны 24.10.2023 жылғы сот шешімі бойынша көлік салығын төлемегені үшін бір тәулікке қамауға алу түрінде жауапқа тартылды.

Автокөлік иесінің берешек сомасы 350 мың теңгеден асты. Қостанай қаласы бойынша МКБ жыл басынан бері қамауға алу түрінде 6 борышкер жауапқа тартылды.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы көлік құралдары бойынша салық берешегі уақтылы өтелмеген жағдайда борышкерге сот орындаушыларымен жұмыс шеңберінде мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылатынын еске салады.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа, берешек сомасының 25% - на дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеруді және Бар болған жағдайда қарыздарды өтеуді ұсынады.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы