Date of publication: 02.11.2023 17:47
Date of changing: 02.11.2023 17:49

Бүгін, 2023 жылғы 2 қарашада Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер" тақырыбында брифинг өткізілді.
Брифинг барысында мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Гуля Ахметова Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері, салықтық есептілік нысандары, мерзімдерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы айтып берді.
"Ағымдағы жылдың 2 қазанында жүйені жаңарту жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ЭШФ АЖ-да жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу қолжетімді болады. Пилоттық жоба 31.12.2024 жылға дейін жүзеге асырылуда",- деді Байланыс орталығының басшысы Зарина Бекмұхамедова.
Ол сондай-ақ 16 қазаннан бастап ҚР ҚМ МКК салық төлеушілерге бейне байланыс арқылы консультациялар/түсініктемелер беру бойынша байланыс орталығының пилоттық жобасы іске қосылғанын атап өтті.
Дербес шоттарды есепке алу және жүргізу бөлімінің басшысы Гүлсім Жидебаева есептеулер мен қайтаруларды жүргізу мерзімдері мен мемлекеттік бажды қайтару тәртібі, сондай-ақ төлем құжаттарын дербес шоттарға тарату туралы еске салды.