Date of publication: 08.11.2023 16:37
Date of changing: 08.11.2023 16:38

«Кедендік тазарту» мемлекеттік қызмет көрсету қызметінің аймағы Қостанай облысының барлық аумағы болып табылады. 2018 жылдан бастап «АСТАНА-1» АЖ тауарлар мен көлік құралдарын электрондық декларациялау жұмыс істейді, ол цифрлық технологияларды ауқымды енгізу процесінде Ұлт Жоспарының 38-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Аталмыш жүйені енгізу бірыңғай ақпараттық платформада отырып, декларанттарға кедендік ақпаратқа online қолжетімділік алуға мүмкіндік береді, қашықтықтан е-декларациялауды қамтамасыз етеді,рәсімдерді оңтайландыру және жеңілдетуге мүмкіндік береді және кедендік тазартудың қағазсыз тәсіліне көшуге әсер етеді. Оnline декларациялау тауарларды кедендік тазарту бойынша декларант және маман арасындағы тікелей байланысты болдырмайды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға әкеледі. «Астана-1» АЖ артықшылығы автоматты тіркеу ғана емес, сондай-ақ жасыл дәліз бойынша декларацияларды автоматты түрде шығару болып табылады. Жүйе пайдаланушыларға тегін жүргізіледі.
«Кедендік транзит» бағыныңқы жүйесі ол шекарада өткізу пунктінде барлық кедендік операцияларды: алдын ала ақпараттандыру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану, өзге мемлекеттік органдарды бақылау, тауарлар транзитімен байланысты кедендік рәсімдерді жасауды қамтамасыз етеді.
«АСТАНА-1» АЖ кез келген операцияларды – алдын ала ақпаратты беруден бастап тауарды шығарғаннан кейін бақылауға дейін жүргізуге мүмкіндік береді, бұл деректерді өңдеуді жеделдетеді.
«Жолаушылар декларациясы» кіші жүйесі халықаралық почта жөнелтімдерінде өткізілетін және экспресс-тасымалдаушылар жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялауға, қолма-қол ақша қаражаттары мен ақша құралдарын декларациялауға арналған. Жолаушылар кедендік декларациясын өз бетінше тапсыру үшін «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасын жүктеп алып, мобильді құрылғыда бұлтты ЭЦҚ болуы қажет. Негізгі мәзірде «Декларацияны тапсыру» тармағын таңдап, «Декларацияны беру» түймесін басып, «Жолаушылар кедендік декларациясы» декларациясының түрін таңдаңыз. Бұл сервис жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау рәсімін жеделдету және оңайлату есебінен жеке тұлғалардың уақытша және ақшалай шығындарын қысқартады.
Лицензия алу үшін, кедендік ресімдеуді жүзеге асыру кезінде, кедендік баждарды есептеу, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын анықтау, маңызды процестердің бірі тауарлардың кодын анықтау болып табылады.
Кедендік ресімдеудің жылдам кілті - дұрыс өнім кодын таңдау болып табылады. Өнім кодын дұрыс анықтамау кедендік баждар мен салықтарды дұрыс есептемеуге әкелуі мүмкін, бұл қатысушының беделіне теріс әсер етеді сыртқы экономикалық қызмет және әкімшілік жазаға әкеп соғуы мүмкін
Кәзіргі кезде, https://keden.kz сілтемесі бойынша, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодын іздеудің осыған байланысты Қазақстан Республиқасы Қаржы министрлігі Мемлекттік кірістер комитеті, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға онлайн қызметі ұсынылады
Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің негізінде, бұл қызмет ағымдағы және оны одан әрі жүзеге асырылатын жаңарту болады
Салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау үшін кеден бекеті Қостанай қаласы бойынша МКБ-да орналасқан (мекенжайы: Қостанай қ., Маленов к-сі, 21-үй).
Барлық сұрақтар бойынша «Қостанай-КРО» кеден бекетіне, 8-7142-285811 телефонына хабарласуға болады.