Date of publication: 01.12.2023 12:01
Date of changing: 01.12.2023 12:01

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Омаров атындағы Қостанай облыстық драма театрында Ақылбек Шаяхметтің «Культурбақан немесе өтелген парыз»пьесасы режиссер Фархадбек Қанапиннің "Министр" спектаклінің премьерасына қатысты.

Деректі драмада Кеңес дәуірінде мәдениет министрі, Сауда халық комиссары болып жұмыс істеген, елдің мәдени-экономикалық дамуына зор үлес қосқан және ұлттық рухтың жандануына ықпал еткен белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Ілияс Омаровтың шығармашылығы мен өмірі қамтылған.

Спектакль Ілияс Омаровтың бейнесіне қазіргі заман тұрғысынан жаңа көзқараспен қарауға және өскелең ұрпақтың бойында патриотизм сезімін оятуға арналған.

Премьерамен құттықтауға көрнекті қайраткердің ұрпақтары да келді, олардың бірі мемлекеттік кірістер органдарының ардагері- Болат Оразжанұлы Шаймерденов.