Date of publication: 05.12.2023 18:17
Date of changing: 05.12.2023 18:23

Әдеп жөніндегі уәкіл Арман Жүрсіналин Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық басқармаларының басшыларымен және Департамент бөлімшелерінің басшыларымен кеңес өткізді.

Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны, бизнес субъектілерінің заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуына кедергі келтіргені, лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауаптылық, Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда айқын кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертті.

Сондай-ақ, қызметтік қатынастардағы қолданыстағы мінез-құлық стандарттарына және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары туралы назар аударды. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әдеп мәселелері бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қостанай қ., Майлин к-сі, 2А, 207 каб телефон.