Date of publication: 06.12.2023 16:38
Date of changing: 06.12.2023 16:39

2023 жылғы 30 қарашада Қостанай қаласы бойынша МКБ бас маманы Жанна Тұрғанова

Қазтұтынуодағы колледжінің шақыруымен оқытушылармен және студенттермен кездесті.

МКБ қызметкері салық заңнамасының нормалары, жалпыға бірдей декларациялаудың алдағы III кезеңі, ҚР МКК цифрлық өнімдері және т.б. туралы айтып берді.

Қаржылық сауаттылықты арттыру- бұл кездесулердің басты мақсаты. Студенттердің қазіргі буыны сұрақ-жауап форматында өте белсенді әңгімелер жүргізеді. Бизнесті дамыту бойынша сұрақтар қойылды: студенттер ЖК-ны қалай тіркеуге, қанша салық төлеуге және т. б. қызығушылық танытты.

Барлық қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды, сондай-ақ оларға ақпараттық жадынамалар табысталды