Date of publication: 13.12.2023 09:19
Date of changing: 13.12.2023 09:21

2023 жылғы 01 Желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №38 мекемесіне экскурсия ұйымдастырды.

Қостанай қаласы бойынша МКБ-ның 20-дан астам қызметкері басшылық құрамнан №38 мекемеге барды.

Экскурсия барысында қызметкерлерге сотталғандардың болу шарттары, изолятор, жеке камералар және т.б. көрсетілді.

Іс-шара сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың зиянды әсерін көрнекі түрде көрсету мақсатында өткізілді.