Date of publication: 13.12.2023 09:24
Date of changing: 13.12.2023 09:25

11.12.2023 ж. "сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағытын іске асыру мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адами ресурстар Басқармасының қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Қуаныш Компаков мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негіздерін түсіндірді.

Соңында Қуаныш Жанзақұлы жас мемлекеттік қызметшілерге барлық бастамалардың сәтті жүзеге асырылуын тілеп, барлық істерде парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ұстануға шақырды.