Date of publication: 15.01.2024 18:34
Date of changing: 15.01.2024 18:35

2024 жылғы 9 қаңтарда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы "азаматтарды жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар"тақырыбында брифинг өткізді.

Қостанай қаласа бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Губайдоллин Теміржан Жаңабайұлы сөз сөйледі.

Брифингте жалпыға бірдей декларациялау барлық азаматтарға қатысты екендігі және 01.01.2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлерге қатысты екендігі түсіндірілді. Ол сондай-ақ жеке тұлғалардың жиі мобильді аударымдары бойынша тексерулер туралы қорқынышты сейілтті. QR коды бойынша төлемдердің артықшылықтары, қолданыстағы салық режимдері және төлем сомалары туралы айтып берді, сондай-ақ сол такси жүргізушілері мен сатушыларына қалай әрекет ету керектігін айтты.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы