Date of publication: 30.01.2024 10:36
Date of changing: 30.01.2024 10:37

Мемлекеттік кірістер комитетіне камералдық бақылау шеңберінде заң бұзушылықтардың бар екендігі туралы хабарламалардың таратылып жатқанына салық төлеушілер шағымданды. Бұл хабарламалар салық төлеушілердің электрондық мекенжайларына жіберілген.

Мемлекеттік кірістер комитеті камералық бақылау туралы хабарламалар салық төлеушілерге жеке қол қою арқылы немесе салық төлеушінің электрондық жеке кабинетіне хабарлама арқылы жеткізілетінін хабарлайды. Мұндай хабарландыруларды электрондық пошта арқылы жіберу қарастырылмаған.

Тиісінше, Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушілердің электронды мекенжайларына жіберілген мұндай хабарламаларға еш қатысы жоқ.

Осыған байланысты МКК салық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпаратты салық төлеушінің https:// cabinet.kgd.gov.kz сайтындағы жеке кабинетінен қарауға кеңес береді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі