Date of publication: 12.02.2024 18:18
Date of changing: 12.02.2024 18:20

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «электрондық шот- фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрыққа сәйкес ЭШФ АЖ-да жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіруді қолдану бөлігінде веб-порталда тіркеу процесі өзгергенін Сіздің назарыңызға жеткізеді.

Бұл ретте ЭШФ АЖ-да бұрын тіркелген пайдаланушыларға қайта тіркеу кезінде жеке басын биометриялық сәйкестендіруді қолдану талап етілмейді.

Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып, ЭШФ АЖ тіркеу жөніндегі толық нұсқаулық ЭШФ АЖ веб-порталында «Пайдаланушы нұсқаулығы» бөлімінде, https://kgd.gov.kz/sites/ default/files/ESF/instrukcii.rar сілтемесі бойынша қолжетімді.

Сондай-ақ ҚР ҚМ МКК сайтында ЭШФ АЖ бөлімі оның ішінде «Жүйе бойынша ақпараттық материалдар» бөлімінде 8-тармақта, сілтеме https:// kgd.gov.kz/ru/content/informacionnye- materialy-po-sisteme-1.

Биометриямен тіркелу туралы бейне сабақты kgd.gov.kz youtube арнасынан https://www.youtube.com/ watch?v=c0e-ko3sogA сілтемесі бойынша көруге болады.

Техникалық қолдау қызметі esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық мекенжай бойынша және +7 (7172)72-78-72 телефон желісінде 24/7 режимінде жұмыс істейді.