Date of publication: 14.02.2024 12:37
Date of changing: 14.02.2024 12:39

Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеттері
Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төраға орынбасары Қайрат Миятов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті:
- әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
- жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;
- сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн. адам кіреді
Бірінші кезең бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 580 мыңға жуық мемлекеттік қызметші және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары "кіріс" декларациясын тапсырды.
Екінші кезеңде, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың шамамен 2,1 млн. қызметкері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті.
Үшінші кезеңде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны шамамен 3,9 млн. жеке тұлғалар тапсырады – олар заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары.
Активтер мен міндеттемелер туралы "кіріс" декларациясын 01.01.2024 жылғы жағдай бойынша заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, қатысушылары, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары, оның ішінде әрекетсіз және қызметін тоқтатқан кәсіпкерлерде ұсынады. Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары декларацияны ұсынуға міндетті емес (заңды тұлғалар болып табылмайды). Сонымен қатар, 2024 жылы жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар) "кіріс" декларациясын ұсынбайды.

Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған 6,4 млн. астам санатын қамту жоспарлануда (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар).
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн. адам енеді деп күтілуде.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияға (270.00-нысан) қандай өзгерістер енгізілді
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлік туралы декларациясы (270.00-нысан) оңайлатылып, көрсетілетін ақпарат тізбесі қысқартылды.
Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) және Қазақстан Республикасында тіркелген мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алынып тасталды.
Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларациясында (270.00-нысан) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі міндет, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктелген, атап айтқанда (жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар,мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары).
Қазіргі уақытта, кірістер мен мүлік туралы декларациясына (270.00-нысан) және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілуде, аталған 270-нысаны бекітілгеннен кейін, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде іске асырылатын болады.
Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің басталуына байланысты, Сіз қолданыстағы 270.00 нысаны бойынша міндеттемені орындауға құқылысыз.
Егер, 2024 жылы кірістер мен мүлік туралы декларациясы қолданыстағы нысан (270.00 нысаны) бойынша ұсынылса және декларацияға "қабылданды" және "таратылды" мәртебесі берілсе, онда жаңа 270.00 нысаны бойынша декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін білу маңызды. Биылғы жылы кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00-нысан) 2021-2023 жылдар аралығында активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) табыстаған барлық жеке тұлғалар ұсынады.
Декларацияны табыстау мерзімі - 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.

2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы "кіріс" декларациясын кім ұсынады
"Кіріс" декларациясында (250.00-нысан) жеке тұлғаның барлық шетелдік активтері, жылжымалы/жылжымайтын мүлкі көрсетіледі. Кейінгі жылдары күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, Қазақстанда да, шетелде де мүлікті сатып алу/иеліктен шығару туралы мәліметтер, сондай-ақ оларды сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері көрсетілетін кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) жыл сайын ұсынылады.
Декларацияланған активтердің құны болашақта салық салынатын табысты айқындау кезінде ескерілетін болады.
Сондықтан декларацияны толтырмас бұрын тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындауды ұсынамыз:
- тәуелсіз бағалаушыға 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша құны 1000 АЕК-тен (3,5 млн.теңге) асатын мүлікті бағалау (қалауы бойынша). Бұл жағдайда бағалау декларация тапсырылғанға дейінге кез-келген күні (15 қыркүйекке дейін) және оны кез-келген бағалау компаниясында жасатуға болады;
- нотариустардан қарыз алу шарттарын куәландыру (СК 631-бабының 2-тармағы), (шарттарды куәландыру тәртібі "Нотариат туралы" ҚРЗ 8-тарауымен регламенттеледі, нотариаттық іс-әрекеттер жасау мерзімдері 40-бапта айқындалған).
Декларацияда банктік қарыз шарттары көрсетілуге жатпайды.
Бастапқы декларацияны тапсырғанға дейін (2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін) нотариалды куәландыру қажет, өйткені қарыздар мен міндеттемелерді көрсету тек бастапқы декларацияда мүмкін және бұл жағдайда толықтырулар көзделмеген (СК 211 бабы 5 тармағы 7 тармақшасы).
Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің болуын келесі сайттар бойынша тексеруге болады:
1) Бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;
3) зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;
4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;
5) берешектің Дт/Кт болуы бойынша (қарыз шарты) Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жіберу қажет.

Азаматтардың 99%-ы декларацияны электронды түрде тапсырады
Декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет.
Электрондық нысанда декларацияны "салық төлеуші Кабинеті" МКК web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz), moldir.qoldau.kz ұсынуға болады, сондай-ақ E-SALYQ azamat, eGov mobile, Halyk, ЦентрКредитБанк ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы (ЭЦҚ кілті талап етілмейді, СМС-парольдің көмегімен) ұсынуға болады. Осы жылдың 20 ақпанынан кейін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны Kaspi.kz. мобильді қосымша арқылы ұсыну мүмкін болады
Бүгінгі таңда азаматтардың 99%-ы декларацияларды электронды түрде ұсынады.
Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште пошта арқылы не келу тәртібімен ұсынуға құқылы.
Ағымдағы жылдың 13 ақпанындағы жағдай бойынша 250.00 нысанды "кіріс" бастапқы декларациясын үшінші кезеңнің 121 мың декларанты (3,5 %) және 294 мың жеке тұлға 270.00 декларациясын ұсынды.
Бүгінде шетелде және Қазақстанда активтері жоқ жеке тұлғалар декларацияны үйден шықпай-ақ тапсыра алады. Қазіргі уақытта банк мекемелері мен Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық жүйелері тұрақты және тиімді жұмыс атқаруда.

Жалпыға бірдей декларация туралы ақпаратты қайдан табуға болады
Жалпыға бірдей декларациялау туралы ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында "Жалпыға бірдей декларациялау" бөлімінен, оның ішінде декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулықтан, ҚР-дағы өз активтерін тексеру бойынша бейне нұсқаулықтан білуге болады. Жалпыға бірдей декларациялау бойынша электрондық деректер базасы осы QR кодта орналастырылған.
Жалпыға бірдей декларациялауды түсіндіру бойынша 1414 Бірыңғай байланыс орталығының көп арналы жүйесі негізінде МКК байланыс орталығы жұмыс істейді.
МКБ-ның әр ауданында күн сайын консультациялық орталық (222 орталық) жұмыс істейді. Апта сайын сәрсенбі және бейсенбі күндері МКД Астана уақыты бойынша сағат 11-00-ден 11-30-ға дейін ZOOM арқылы жалпыға бірдей декларациялау бойынша тікелей эфирлер өткізеді.
Бұдан басқа, базарларда, сауда орталықтарында, кинотеатрларда радио хабарландыру, бейнероликтер, жеке кеңес беру, вебинарлар, семинарлар, БАҚ-қа арналған сұхбаттар, Мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурстарында және әлеуметтік желісінде баспасөз релиздерін орналастыру арқылы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Ресми және сенімді ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз.