Date of publication: 19.02.2024 15:45
Date of changing: 19.02.2024 15:46

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Д. С. Шоқанова және К. Г. Кутц жалпыға бірдей декларациялау нормаларын түсіндіру бойынша көшпелі семинарлар өткізеді.

Осылайша, мамандар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі енгізілетінін, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті екенін айтты.

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтарға жауаптарды 1414 нөмірі бойынша, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында алуға болады www.kgd.gov.kz

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы