Date of publication: 11.03.2024 16:28
Date of changing: 11.03.2024 16:35

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар (Салық Кодексінің 490-бабының 3, 4, 5, 6-тармақтарына сәйкес азаматтардың жеңілдетілген санатын қоспағанда) көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады.
Жеке тұлғалар 2023 жылғы салық кезеңі үшін салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша бюджетке 01.04.2024 жылдан кешіктірмей жүргізеді.
Салықты есептеуді салық кодексінің 492-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық төлеуші дербес жүргізеді.
Салық төлеушілер салық сомасын есептеуді мемлекеттік кірістер департаментінің (http://www.kgd.gov.kz//) интернет – сайтында көлік құралы туралы мәліметтерді толтыру арқылы көлік салығын есептеу «Электрондық сервистер» , «калькуляторлар» бөлімінде жүргізе алады.
Сонымен қатар, салықты уақтылы төлемеген жағдайда өсімпұл есептелетінін, уәкілетті органдар тіркеу іс-әрекеттерін шектеуді, салық төлеушінің елден тыс жерлерге шығуын, борышкерді қамауға алуды, көлік құралын айыппұл салуға орналастыруды жүргізетінін хабарлайды.
Алдыңғы кезеңдердегі салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсынан және «Электрондық үкімет» порталында «Электрондық сервистер», «салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» бөлімінде, азаматтың ЖСН бойынша көруге болады.
Туындаған мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет, қызметкерлердің байланыс телефондары Мемлекеттік кірістер департаментінің интернет-сайтында орналастырылған.
Қостанай қаласының салық төлеушілері 28-18-32, 28-17-01, 28-40-27, 28-00-89 телефондары бойынша ақпарат ала алады.