Date of publication: 15.03.2024 15:52
Date of changing: 15.03.2024 15:53

2024 жылғы 12 наурызда, Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Атамекен» ҰКП ғимаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы көлік жүретін өткізу пункттерінде (заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер) «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесін енгізуге қатысты дөңгелек үстел өткізілді.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы С.Қ. Бисембаева және Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ЕАЭО ҚҚСБӘ басқарма басшысы Унич П.Н, тіркеу тәртібі мен ережелерін түсіндірді. «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып, жүк автомобиль көлік құралдарын және тіркемелерді, жүктер мен тауарларды брондау және өткізу, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығымен бекітілген
Дөңгелек үстел барысында салық төлеушілер көптеген сұрақтар қойып және дөңгелек үстел барысында қатысушыларға жадынамалар, брошюралар табыс етілді, сондай-ақ, қатысушылар өздерінің қызықты сұрақтарын қойып, мамандар қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы