Date of publication: 19.03.2024 11:03
Date of changing: 19.03.2024 11:05

Құрметті салық төлеушілер!
1 сәуірде есеп беру мерзімі аяқталатынын  естеріңізге саламыз:
- Салық кодексінің 315-бабының 1-тармағына, 649-бабына, 650-бабының 12-тармағына, 701-бабына сәйкес 100.00, 110.00, 150.00, 180.00 форма  бойынша 2023 жылғы КТС бойынша декларация;
- Салық кодексінің 648-бабының 1-тармақшасына сәйкес 2023 жылғы 4 тоқсандағы резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп айырысу 101.04-нысан;
- Салық Кодексінің 364-бабына сәйкес 220.00, 240.00 нысаны бойынша 2024 жылғы ЖТС бойынша декларация;
- Салық кодексінің 772-бабы 6-тармағының 2-тармақшасына, 773-бабы 8-тармағына сәйкес,  531.00 нысаны бойынша салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларация (есеп): алушылар мемлекет атынан 531.02, 531.03 қосымшалары бойынша 2024 жылға арналған декларацияны ұсынады;
-  Салық кодексінің 765-бабына сәйкес 540.00 нысаны бойынша 2023 жылғы үстеме пайда салығы бойынша декларация;
- Салық кодексінің 735 бабының 1 тармағына сәйкес,  560.00 нысаны бойынша 2023 жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша (егер тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем мөлшері 10 000 АЕК-ке тең немесе одан кем болса) төлем бойынша декларация;
- Салық кодексінің 771-бабына сәйкес 600.00 нысаны бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық бойынша 2023 жылғы декларация;
- Салық кодексінің 496-бабының 1-тармағына, 516-бабының 3-тармағына, 525-бабының 3-тармағына, 530-бабына сәйкес,  көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және мүлік салығы бойынша 2023 жылғы 700.00 нысаны бойынша декларация;
- Салық кодексінің 207-бабының 3-тармағына сәйкес 871.00 нысаны бойынша 2023 жылға арналған жалдау шарттарының тізілімі;
-  Салық кодексінің 696 бабының 1 тармағына сәйкес  912.00 нысаны бойынша 2023 жылға белгіленген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация;