Date of publication: 20.03.2024 13:37
Date of changing: 20.03.2024 15:41

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (одан әрі – Салық кодексі) 93 бабына сәйкес,  мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:

      салықтық есептілікті ұсынбаған;

      экспорттық - импорттық операцияларды жасамаған;

      егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

      2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

      осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;

      жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

       әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

      салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.

      Осы тармақтың ережелері:

      1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;

      2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

       Салық органдары жыл сайын:

      1) осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады;

      2) мынадай мәліметтерді:

      сәйкестендіру нөмірін (ол болған жағдайда);

      салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

      жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не субъектінің атауын;

      субъектінің орналасқан жеріндегі салық органының атауын;

      кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады;

      3) субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін:

      екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;

      уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;

     тіркеуші органға – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.

         Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды.

        Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

        Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді.

           Айтылғанға сәйкес, Салық кодексінің жоғарыда мәлімденген бабының шарттарына сай келген жағдайда, салық төлеуші қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтата алады.

 

                                                                

                                                                    

                                                                         Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы
 

Салық төлеушілер назарына!

 

         Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Сіздерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 93 бабына сәйкес, кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының тізімін мәлімет үшін жолдайды.

         Өтініштер (наразылықтар) келесі мекенжайлар бойынша календарлық жылдың 1 маусымына дейін  қабылданады:

т/н

Субъектінің орналасқан жері бойынша салық органы атауы

Салық органының мекенжайы

1

Алтынсарин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған с., Ленина к. 2 үй

2

Мендіқара  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Боровской с., Королева к., 3 үй

3

Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара с., Таран к., 18"А" үй

4

Қамысты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты с., Киевская к., 12 үй

5

Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу с., А.Исаков к., 73 үй

6

Қарабалық  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Қарабалық адуаны, Қарабалық с., Ленина к., 1 үй

7

Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, Тәуелсіздік к., 78 үй

8

Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл с., Ғ.Мүсрепов к., 25 үй

9

Науырзым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қараменді с., Шақшақ Жәнібек к., 3 үй

10

Денисов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов с., Ленина к., 11 үй

11

Әулиекөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл с., Сьянова к., 43 үй

12

Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай обл., Беимбет Майлин ауданы , Aйет с., Б. Майлин көшесі,  39 үй 

 

13

Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл с., Тәуелсіздік к., 79 үй

14

Федоров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров с., Мелехова к., 41 үй

15

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Қостанай қ., Мәуленов к., 21 үй

16

Лисаковск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Лисаков қ., 4 шағын аудан, 25 үй

17

Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Рудный қ., Парковая к., 14 үй

18

Амангелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангельды с., Б.Майлина к., 46 үй

19

Жангелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай с., Қасымхан Алтынсары к., 75 үй

20

Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Қостанай облысы, Аркалык қ., Абай Даңғылы, 29 үй