Date of publication: 28.03.2024 18:11
Date of changing: 28.03.2024 18:11

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бұйрығымен Азамат Нұрлыбайұлы Қожуқов Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Қожуқов Азамат Нұрлыбайұлы 1971 жылы 08 наурызда Қостанай облысы Урицкий ауданы Урицк кентінде дүниеге келген.
Еңбек жолын 1988 жылдың қазан айында бастаған.
Мемлекеттік кірістер органдарында 20 жылдан астам атқарушылық және басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Осыған дейін Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.
Жалпы еңбек өтілі-34 жыл.
Мемлекеттік қызмет өтілі - 23 жыл 1 ай.