Date of publication: 11.04.2024 18:43
Date of changing: 11.04.2024 18:47

Қостанай қаласы бойынша МКБ мен Атамекен ҰКП арасындағы өзара іс-қимыл туралы Меморандумға Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А. Н. Қожұқов және Қостанай облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының басшысы Д. К.

Күзенбаев қол қойды.
Меморандумға қол қоюдың мақсаты салық заңнамасы нормаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынуға жәрдемдесу, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Тараптар тәжірибе және ақпарат алмасу жолымен жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кіру үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуді жоспарлайды.