Date of publication: 01.03.2017 09:53
Date of changing: 01.03.2017 10:00

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушлардың назарына!!!

           Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға мәлімет үшін мынаны хабарлайды.

         Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы №15-6753/260 хатына сәйкес Түрікменстанның Кеден кодексіне сәйкес 2017 жылғы 15 ақпаннан бастап Түрікменстанға әкелінетін тауарларды еркін айналым немесе уақытша сақтау кедендік режиміне енгізген жағдайда жүк кедендік декларацияда көрсетілген деректерді растайтын құжаттармен қатар, жіберуші елде жасалған кедендік декларацияның көшірмесін тапсыру талабы қойылған.