Date of publication: 02.03.2017 10:46
Date of changing: 02.03.2017 10:50

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде «Дөңгелек үстел» болып өтті.

       2017 жылдың 01 наурызында Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде Қостанай облысының КҰП өкілдерінің, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен «Дөңгелек үстел» өтті.

Күн тәртібіне келесі тақырыптар шығарылды:

         1. «Астана-1» электрондық кедендік ресімдеу ақпараттық жүйесін енгізу;

                                                                  2. Проблемалық сұрақтарды шешу.

         Отырысты қарсалу сөзімен Кедендік бақылау басқармасының басшысы А.А. Ли ашты және дөңгелек үстелдің күн тәртібімен таныстырды.

        Аталған пилоттық жобаның міндеттері болып: Қазақстан Республикасының кедендік саясаты мен процедураларын халықаралық стандарттар мен жоғарыдағы деңгейлі тәжірибеге сәйкес жетілдіру, электронды декларациялау жүйесін енгізу, экспорт және импорт үшін құжаттардың санын және оларды өңдеудің уақытын қысқарту, тәуекелдерді басқарудың алдыңғы деңгейлі әдістемесін және пост-кедендік бақылауды енгізу, ҚР ҚМ МКК оперативтік потенциалын көтеру және жемқорлықпен күресті, сонымен қатар кедендік саладағы басқа да құқық бұзушылықтарды  тиімділендіру табылады.

         «Астана-1» АЖ енгізу ҚР ҚМ МКК-не кедендік процестерді және әкімшілік және Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің қатысушыларына уақытша шығындарды жетілдіруге мүмкіндік береді. «Астана-1» Жүйесі барлық кедендік процестер мен операцияларды қамтиды, және ҚР ҚМ МКК салықтық база деректерімен біріктіріледі, сонымен қатар ҚР басқа мемлекеттік органдарымен және ЕурАзЭҚ елдерімен өзара әрекеттікті жүзеге асырады.

       «Астана-1» АЖ бағдарламалық-қолданбалы жүзеге асыруды уақытылы және сапалы қолдану мақсатында, сонымен қатар ары қарайғы кедендік декларациялау және тауарларды кедендік тазалау барысында осы ақпараттық жүйедегі мүмкін болатын әр түрлі олқылықтарды болдырмау мақсатында, А.А. Ли СЭҚ қатысушыларынан осы жобаны жүзеге асыруға қатысуды сұрады.

         Ол жобаға қатысу ерікті болып саналады, қаржылық шығынды талап етпейді және барлық қатысушы-тұлғаларға сыртқы саудалық келісімдерді жасауда «Астана-1» АЖ енгізу үдерісін жеделдетуге және жеңілдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

         Отырыс барысында СЭҚ қатысушыларынан «Астана-1» ақпараттық жүйеде тауарларға декларацияларды толтыруға қатысты ұсыныстармен сұрақтар түсті.

       Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша «Астана-1» ақпараттық жүйеде тауарларға декларацияларды толтыруға қатысты ұсыныстармен сұрақтарды Мемлекеттік кірістер комитетіне және Қостанай облысы бойынша МКД-ң astana_kost@taxkost.mgd.kz электрондық мекен жайына жіберуге шешім қабылданды.

         Қорытындысында А.А. Ли барлық қатынасушылардың белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді және осыдан кейінгі уақытта да жемісті ынтымақтастыққа үмітті екенін айтты. 

 

Департаменттің баспасөз қызметі