Date of publication: 03.03.2017 12:40
Date of changing: 03.03.2017 12:44

                            Тауарларды және көлік құралдарын уақытша басқа жерлерде сақтау

         

        Таңдалған кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген кезде, жекелеген жағдайларда СЭҚ қатысушысында тауарды сақтау қажеттілігі пайда болады.

         СЭҚ қатысушылардың қосымша шығындарын болдырмау мақсатында және кеден органдары орналасудың барлық  орындарында    «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен (бұдан әрі - Кодекс) тізілімге енгізілген уақытша сақтау қоймалары болмауына байланысты тауарлар мен көлік құралдарын өзге орындарда уақытша сақтау көзделген (Кодекстің 265-бабы).

           Тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның жазбаша өтініші бойынша тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау:

           1) уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында;

           2) көлік құралы алушыға тиесілі немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын аумақта болған жағдайда автомобиль көлік құралдарында;

           3) тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның меншігі болып табылатын не көрсетілген тұлға жалдау құқығында пайдаланатын теміржол жолының учаскесіндегі теміржол көлік құралдарында жүзеге асырылады.

          Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау кедендік баждарды, салықтарды төлеуді міндетті қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырылады.

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету мынадай тәсілдермен:

                      ақшамен;

                      банк кепілдігімен;

                      кепілгерлікпен;

                      мүліктік кепілмен;

                      сақтандыру шартымен жүзеге асырылады.

            Сақтандыру шартын қоспағанда, төлеуші уәкілетті экономикалық операторлар үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ретінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін таңдауға құқылы.

          Төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындауы міндеттеменің қолданылу мерзімі ішінде үздіксіз қамтамасыз етілуге тиіс. Ұсынылатын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі осы кеден органы алдында қабылданған міндеттемені орындау туралы талапты кеден органының уақтылы жолдауы үшін жеткілікті болуы қажет.

          Көлік құралдарындағы тауарларды уақытша сақтау мына талаптарды сақтаған кезде жол беріледі (Кодекстің 325-бабы):

  1.  бүкіл мерзімі ішінде сәйкестендіру құралдарының тұтастығы қамтамасыз етілген жағдайда.
  2.  кедендік пломбалар қарапайым және сенімді тәсілмен салынуы мүмкін;
  3.  тауарлар халықаралық тасымалдау көлік құралының пломбаланған жүк үй-жайлары бөлігінен алынбайтындай болуға немесе олардың ашылған ізі көрінбейтіндей етіп немесе кедендік пломбалар мен мөрлер бүлдірілмей салынбауға тиіс;
  4. тауарлар жасырылуы мүмкін жасырын орындар болмауға тиіс;
  5. тауарлар орналастырылған орындар тауарларды кедендік қарауға жеңіл қол жеткізілетіндей болуға тиіс.

          Уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтаған кезде тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлға мына талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті (Кодекстің 260-бабы):

          1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалдауында үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар болуға;

          2) қажетті тиеу-түсіру механизмдері және арнаулы техникасы болуға, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуға;

          3) жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуі және онда бетон немесе асфальт төсемі болуға;

          4) техникалық жарамды кіреберіс жолдар, сондай-ақ тауарларды тексеріп қарауға арналған орындар, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдар болуға;

          5) аумақ, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары және алаңдарды) қоса алғанда, біртұтас және ажырамас кешен болуы, бір почта мекенжайы бойынша орналастырылуы және барлық периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс.

          Өз тауарларын сақтау қоймалары осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес қана пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген қоймаларды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

          Уақытша сақтау орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.

          Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен расталады.

 

Кедендік бақылау басқармасы