Date of publication: 28.04.2017 16:28
Date of changing: 28.04.2017 16:31

"Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

"Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, қалалар Астана және Алматы және кедендер бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсеткені үшін тауарды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір маркасын, моделін, артикулі мен модификациясын қамтитын тауардың әрбір атауына 29 000 (жиырма тоғыз мың) теңге мөлшерінде кедендік алымдар алынады.

Тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымдар тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш бергенге дейін төленеді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 20 (жиырма) күн.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00–ден 14.30–ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 17.30–ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылуды талап етпей және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) тауарды біртекті сыныптауға мүмкіндік беретін толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, тауардың негізгі техникалық, коммерциялық суреттемесі бар тауарларды сыныптау жөнінде алдын ала шешімді қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2) алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымдарды төлегені туралы растау құжат.

Қажет болған жағдайда фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауардың сынамалары мен үлгілері және осы алдын ала шешімді қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушының мөрімен куәландырылған басқа құжаттар ұсынылады.

Алдын ала шешім тауардың белгілі бір маркасын, моделін, артикулі мен модификациясын қамтитын әрбір атауына қабылданады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтер алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қосымша ақпарат беру қажеттілігі туралы хабардар етеді. Қосымша ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жазбаша хабардар етілген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде табыс етілуі тиіс.

Қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мерзімі тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтер бар соңғы құжат алынған күннен бастап қайта жаңартылады.

Күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты белгіленген мерзімде қосымша ақпаратты ұсынбауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешім беру, немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

          Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

 

Тарифтік реттеу және

пост-кедендік бақылау басқармасы