Date of publication: 17.05.2017 11:18
Date of changing: 17.05.2017 11:19

АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРУ

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру

 

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ресми және өзге де мерзiмдiк баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы ақпаратты телевизия және радио арқылы жалпы жұрттың назарына жеткiзу жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ауызша түсiндiрулер мен хабарландырулар, ақпараттық стендтер, табло, буклеттер және өзге де баспа материалдары, сондай-ақ бейне-, дыбыс және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат тарату үшiн қолданылатын басқа да техникалық құралдар пайдаланыла отырып, оның iшiнде көпшiлiктiң қолы жетiмдi және тегiн таныстырылатын мынадай жерлерде:

1) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде;

2) әуежайларда, темiржол және автомобиль станцияларында, су порттарында;

3) халықаралық тасымалдарды орындайтын көлiк құралдарында;

4) осы Кодексте айқындалатын кедендiк бақылау аймақтарында, сондай-ақ кеден органдары айқындайтын өзге де жерлерде жүзеге асырады.

Кеден органдары тұлғалардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпаратқа олардың кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

Кеден органдарының консультация беруi

Кеден органдары мүдделi тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер және кеден органдарының құзыретiне кiретiн өзге де мәселелер бойынша консультация бередi.
Кеден органдарының консультация беруi ауызша және жазбаша нысандарда тегiн жүзеге асырылады. Кеден органы мүдделi тұлғаның жазбаша сауал салуы бойынша ақпаратты мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жазбаша нысанда, бiрақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей беруге мiндеттi.

Консультация беру кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары кеден органының атынан кедендiк декларацияларды және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылуға жататын өзге де құжаттарды тексермейдi, сондай-ақ мұндай кедендiк декларациялар мен құжаттарды жасамайды.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттарды толтыруға байланысты консультациялар, мүдделi тұлға табыс еткен ақпаратты тексермей, ауызша нысанда жүргiзiледi.

Консультация беру кезiнде кеден органының лауазымды адамы:

1) кеден органдарының құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша консультация жүргiзуге;

2) мүдделi тұлғалар табыс еткен құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;

3) мүдделi тұлғалардың құжаттарына өкiмдiк жазбалар жазуға, кеден органдарына нұсқау беруге немесе қандай да бiр өзге де тәсiлмен кеден органының кейiнгi шешiмдерiне немесе кеден органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезiнде оның лауазымды адамының iс-әрекетiне ықпал етуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария етуге жатпайтын мәлiметтердi хабарлауға құқылы емес.

Консультацияларды жүргiзу кезiнде мүдделi тұлғаларға берiлген ақпарат тауарларға қатысты кедендiк операцияларды жасау кезiнде кеден органының немесе оның лауазымды адамының шешiм қабылдауы немесе iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасауы үшiн негiздеме болып табылмайды.

 

«Қостанай-КРО» кеден бекеті